Атырау, 23 желтоқсан 23:17
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Зейнеткерлер, орынды босатыңыздар!»

2 713 просмотра

Облыс әкімі облыстық білім беру және денсаулық сақтау  басқармаларының басшыларына басқарушы лауазымдағы зейнеткерлердің  өз жұмыс орындарын босату туралы нұсқау берді.

Сейсенбідегі  жаңа оқу жылына дайындық бойынша өткен мәжілісте Бергей РЫСҚАЛИЕВ зейнеткерлердің аталмыш басқармаларда басшылық қызметте емес, қатардағы қызметкер болып жұмыс істей алатындығын мәлімдеді. Ал, облыстағы медициналық және білім беру мекемелерін басқару жас кадрларға жүктелуі тиіс.

Облысымызда бұрынғысынша мұғалімдердің жетіспеушілігі, оның ішінде математика мамандарының  жоқтығы байқалып отыр. Рысқалиев математика мұғалімдерін басқа аймақтардан шақыру және оларды пәтермен қамтамасыз етуді қолға алу керектігін айтты.

Облыстық білім беру басқармасының бастығы Киікбай ЖАУЛИННІҢмәлімдеуі бойынша, биылғы оқу жылында облыс 116 маманға мұқтаж. Оның 77-сі Ақтөбе қаласынан жоғары оқу орындарын бітіріп келетіндер. Ал, қалған 39 бос орынды ішкі резервтер есебімен жабу көзделіп отыр. Жаулиннің айтуынша, селоға жіберілетін жас педагогтарға 70 АЕК (1 АЕК – 1512 теңге) көлемінде көтерме ақы төлейтін болады. 

Сондай-ақ, Жаулин келтірген мәліметтер бойынша, облыстағы 196 жалпы білім беретін мектептің тек жартысы (директорлары акт ұсынды) ғана жаңа оқу жылына дайын екен. 153 мектеп – жылу қазандарымен жылытылса, 38-і орталық жылу жүйесіне қосылған, 5-уі пештің көмегімен жылытылады. Басқарма бастығы барлық мектептердің жаңа оқу жылына 20 тамызда дайын болатындығына сендірді. Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы үшін бюджеттен 135 млн. теңге және  білім нысандарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 100 млн. теңге бөлінді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

14 шілде 2011, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.