Атырау, 19 желтоқсан 10:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қаржыны қандай валютада сақтаған тиімді?». «Дағдарыс кезінде Ұлттық қор қаржысымен мемлекеттік банктерді қолдау керек пе?». "Герольд БЕЛЬГЕР: «Мені бірде-бір қазақ ренжіткен емес»". «Абсолютті билік дамуды тежейді». «Тұрғын үй құрылысында қателік көп».

1 836 просмотра

ALASHAINASY.KZ. «Қаржыны қандай валютада сақтаған тиімді?» - "Ақшаны қай валютада және қандай мөлшерде сақтау керек екенін түсіну үшін соңғы үш жылдағы валюталардың бағамының қалай өзгергенін зерттеп отыру керек. АҚШ доллары, евро және Қытай юанін зерттеп көрсек, соңғы бір жылдың ішінде әлемдік тұрғыда қытайдың юані (4,2%) өскенін байқауға болады. Бұдан соң АҚШ доллары (0,3%) өссе, ал евро керісінше (1,2%) арзандаған. Бұдан шығатын қорытынды бір жыл бұрын бұл валюталарға айырбасталған ақша айтарлықтай өзгермес еді. Міне, валюталар нарығында осындай сауаттылықтар керек".

«Дағдарыс кезінде Ұлттық қор қаржысымен мемлекеттік банктерді қолдау керек пе?» - Алдында 2008-2009 жылдарғы бүкіләлемдік қаржы дағдарысы салдарынан отандық банк секторын аман алып шығу үшін Ұлттық қордан 10 млрд доллар бөлінген. Сол кезде үкімет бұл ақшаны банктер жағдайын түзеген соң кері қайтарады деп халықты сендірген. Сондықтан Парламент қабырғасында осы қаражат қайтарымы туралы үнемі мәселе көтеріліп келеді. Бірақ осы күнге дейін оған ресми жауап қатқан бір де бір банк жоқ, демек олар сырттың да, іштің де үдесінен шыға алмады.

AZATTYQ.ORG. «Украина Қырымды қайтарып алу амалын іздеп жатыр» - Тамыздың 1-і күні жергілікті телеарнадан сөз сөйлеген Украина президенті Петр Порошенко «Қырымнан ешқашан бас тартпаймыз» деп мәлімдеді. «Украина өзінің ұлттық мүддесін қорғау жолында мүмкін болған әдістің барлығын пайдаланады» деген ол елдің әділет министрлігіне барлық құқықтық тәсілдерді қолданып, Қырымды қайтарудың жолдарын қарастыруды тапсырған жарлық шығарғанын айтты.

«Украиналық журналист Ресейде он күн қамауда болды» - Украиналық «1+1» телеарнасының журналисі Евгений Агарков Ресейдің Воронеж қаласына келіп, осында қамауда отырған украиналық ұшқыш Надя Савченконың хал-жағдайын білмек болды. Савченконы маусым айында сепаратистер тұтқынға алған, қазір Воронеждің уақытқа қамау абақтысында отыр. Ресей билігі оны шығыс Украинада минометтен қаза тапқан екі ресейлік журналистің қазасына айыпты cанайды.

ZHEBE.COM. "Герольд БЕЛЬГЕР: «Мені бірде-бір қазақ ренжіткен емес»" - "Мені Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленин ауылының қазақтары өсірді, тәрбиеледі, жеткізді. Поволжья деген жердің немістер қоныстанған  Энгельс қаласында туыппын. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған тұста отбасымыз Қазақстанға Саратовтан жер аударылып келді. Әкем ауылда дәрігер, көзі ашық адам болды. 1941 жылы қазақ ауылына келіп түскен жалғыз неміс отбасы едік. Көшіп келгеннің ертеңінде-ақ аулаға шықтым, бірнеше қазақ баласы қоршап алды мені, шүлдір-шүлдір етеді, мен де шала-пұла бірдемемді айтып жатырмын, сөйтіп бірінші күні үйге шамамен 20 сөз үйреніп қайттым".

SAIGEZ.KZ. "Гелетей: «Жеңіске жетер күн жақын»" - Украина әскері шығыстағы екі облысы үшін ресейшіл сепаратистермен жүріп жатқан күресте айтарлықтай жеңіске жетті. Бұл туралы BBC-ге қорғаныс министрі Валерий Гелетей мәлімдеді. 

«Таулы Қарабақтағы қақтығыс» - Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда армян әскерилері бейбітшілік заңдарын бұзып, Агдам және Тертер сияқты Бакудың бақылауындағы аудандардың территорияларына өтіп кеткен. Шығын болғанымен, қарсыластың шабуылына тойтарыс беріліпті.

«Абсолютті билік дамуды тежейді» - Абсолютті билік орнату және күшті бір орталыққа бағындыру белгілі бір кезеңде экономикаға динамика беріп, инвестициялар тартуға жағдай жасайды. Біраз уақыт өткен соң халықтың жағдайы жақсарып, еңсесі көтеріледі. Осындай кезде қоғамда демократиялық көңіл-күй пайда болады. Ал бұл диктаторлардың мазасын қашыра бастайды. Сосын билік қоғамды күшпен басып, экономиканы тұралатып алғанымен қоймай, кері кетіріп алады. Кеңестер Одағы дәл осыған мысал.

ABAI.KZ. «Алмасбек Ахметұлы: Жастарды солтүстікке шақырамын» - "Біз Қостанайға жол тартқан кез еліміз тәуелсіздік алған 1991 жыл болатын. Бодандық бұғауынан босаған жас мемлекетке ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін орнықтыру мәселелері аса маңызды болды. Бұл, әсіресе, Қазақстанның солтүстік облыстарында аса күрделі мәселе болып қалыптасқан еді. Себебі онда, негізінен, орыс ұлты өкілдері мекендейтін. Мұны сол тұстағы елбасшылары да, мемлекеттік мекемелердегі ұлтжанды азаматтар да саясат бедерін сол жаққа қарай бұрып, солтүстік облыстарға қазақ ұлтының өкілдерін, әсіресе, жастарын жинауға көңіл бөліп, Қазақстанның оңтүстігіндегі жоғары оқу орындарында қазақ тілінде білім алған жас мамандарды солтүстікке аттандыра бастады".

TURKYSTAN.KZ. «Тұрғын үй құрылысында қателік көп» - Қазіргі таңда елімізде құрылыс компанияларының саны 50 мыңнан асып жығылады. Бірақ жоғары оқу орындары жиырма жылда осыншама компанияда қызмет атқаратын маман шығаруы мүмкін емес. Одан кейін, көптеген құрылыс компанияларына арзанқол жалдамалы шетелдік келімсектердің тартылатыны да жасырын емес. Ал бұл құрылыс секторы кәсіби деңгейі күмәнді адамдармен толғанынан хабар береді. Бұл тағы да құрылыс сапасын төмендетеді.    

5 тамыз 2014, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.