Атырау бір аптадан бері тымырсық аптаптан арылар емес. Гидрометеорология орталығының синоптиктері көңіл көншітпейтін болжамдар айтып отыр. Ауа температурасы таяу күндерде де қырықтан төмен түспейді.
Жетекші инженер-синоптик Күләйна МЫРЗАШЕВАНЫҢайтуынша, қала тұрғынлдарына тіпті, түнде де салқын самалды күтудің қажеті жоқ . Отыз градусты ыстық айлы түнде де сақталып қалмақ. Алайда әр нәрсеге тез бейімделгіш атыраулықтар өздеріне түскі демалыс жариялап, үйлерінен және кеңседен аса бір қажетті себептер болмаса шықпауға тырысады.
Қалалық жедел жәрдем стансасының мәліметтері бойынша, шақыртулар саны әзірге нормадан аса қоймаған. Дегенмен, шақыртулар журналында көбіне жүрек-қан тамырларымен ауыратын егде адамдардан түскен қоңыраулардың тіркелгендігін айта кеткен жөн. Атырау қалалық ауруханасының бас дәрігері Марат ҚОНЫСОВТЫҢ айтуынша, жылдың осы мезгілінде, әсіресе, жазғы аптапта ондай науқастар саны бір есеге дейін артады екен.
Анастасия ПАСТУХОВА