Атырау, 23 желтоқсан 23:25
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Теңіздегі апат: зардап шеккендер бар

3 131 просмотра

«АЖ»  редакциясына 30 маусым күні сағат 16.05-те Теңіз кен орынындағы зауытта  апат орын алып, екі қызметкердің зардап шеккендігі туралы мәлімет келіп түсті.

Құпия ақпарат көзі хабарлағандай, 30 маусым күні түні бойына зауыт аумағында күкіртсутек датчиктері іске қосылған. Заттек концентрациясы 50-70 PPM-ге дейін жеткен. Келесі күні №300 қондырғы іске қосылған кезде БРНО-насоста жарылыс пайда болады. Соның салдарынан компанияның екі қызметкері жапа шекті. Олардың біреуі өте ауыр күйде ТШО клиникасына жеткізілсе, екіншісіне сол жерде медициналық көмек көрсетілген. Алайда, Жайық-Каспий экология департаменті бастығының  орынбасары  міндетін атқарушы Қабижан ҚАПАНОВТЫҢ айтуынша, көрсетілген мерзім ішінде Теңізде ештеңе болмаған. Штаттан тыс жағдай 28 маусымда №800.1  қондырғыда қысымды төмендету мақсатымен жүйеде жағу үшін шикі газ шығарылған. Ешқандай жарылыс болған жоқ, компания қызметкері жай ғана аяғын ауыртып алды. Енді департамент қызметкерлері ТШО-ға қоршаған ортаға келтірген зияны үшін талап қоюды көздеп отыр. Қ.Қапановтың айтуынша, келтірілген залал көлемі компанияның апаттан  кейінгі 3 күннің ішінде ұсынуға тиісті анықтамасы бойынша анықталатын болады. Экологиялық инспектордың айтуынша, жыл басынан бері Теңізде осы секілді шамамен 30-дай шығарылымдар болған екен.

Біздің құпия ақпарат көзінің берген фактілерін«Теңізшевройл» ЖШС үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджердің орынбасары Линси КРЕЙН үзілді-кесілді теріске шығарды: «Бір адам ғана жарақат алды. Ол қазір өз жұмысына қайтадан кірісті және өзін жақсы сезінеді. Істің барысы былай болды: ол қозғалтқышты іске қосқан кезде мотордың корпусы ұшып кетіп, оның басына тиген. Бірнеше сызаттар түскен ол медициналық көмекке жүгінген, қазір оның жағдайы жақсы. Ол басына каска киген және басқа да жеке қорғау құралдарымен жарақтанып алған. Біз ешқандай шығарылымдар мен ақаулардың  болмағандығын баса айтамыз. Күкіртсутегі бойынша дабылдың жарамсыздығы және қоршаған ортаға ешқандай әсері болған жоқ. Бұл жерде әңгіме «Теңізшевройл» компаниясының  бүткіл зауыты емес, бір ғана қозғалтқышқа қатысты  туындап отыр».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 шілде 2011, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.