Атырау, 5 қазан 10:28
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Мұнай қосылған ет жейсіз бе?..

3 776 просмотра

Капиталистер экологияға зиян келтіргендері үшін айыппұл төлемейміз деп қандай қулық-сұмдықтарға бармайды дейсің. Ал мынадай жағдайды бірінші рет көрдім. Жақын күндері Бірлік ауылының сыртындағы Соколок каналы арнасының бойына кәсіпкерлердің бірі мұнай шламын (мазутталған қалдықтар) төгіп тастағандығы туралы құпия хабарлама келіп түсті.

Бәрі расталды. Атырау – Доссор трассасының бойындағы сол жақ жағалаудағы Индер жолымен қиылысқан жерден он екі километрдей жүргеннен кейін, жергілікті тұрғындар түсіндіргендей, Соколок каналы арқылы көпірге жетіп, сол жерден солтүстікке қарай ат басын бұрдық. Бұл жерде фермерлер шөп шауып жүрген ұланғайыр шабындықтар бар. Ауыл арасы жолынан екі жарым километрдей өткеннен кейін, мұнай төгілген топырақ үйіндісіне (суретте) тіреліп қалдық. Мұндай үйінділер көп боп шықты. Осы қалдықтардан мұнай иісі қатты шығып тұрды. Фермерлер осынау «көрнекілік-тердің» бұл жерде таяуда ғана пайда болғанын әңгімеледі. Үйінділер каналдың жағалауында екен, ал ол жердегі су шламды шайып отырды. Осылайша мұнай қалдықтары өсімдіктердің тамырларына жетіп, сол арқылы ол малдың етіне түседі екен, ал оны біз жейміз.

Табиғат пайдаланушылардың ашкөздігінің неге апарып соқтыратынын көру үшін фермерлер маған сол жақ жағалаудағы Индер жолымен кері оралып, Бесікті поселкесінің төңірегіне дейін баруға кеңес берді. Соколок каналы арқылы тағы бір көпірге жеткен соң, біз фермерлердің кеңесімен, оң жаққа бұрылып, үлкен суарғыш каналға дейін жеттік. Ол мұнай шламымен лық толып қалыпты. Шламды ол жерге қалай тастағаны мен үшін жұмбақ боп қалды. Бұл жерде қандай техника жұмыс жасады екен? Соколок каналының өн бойы мұнай қалдықтарымен ластанған боп шықты.

Неліктен қаскүнемдер дәл осы каналды таңдағандығын түсінуге тырыстым. Айналама көз тастап, сол маңнан құрылыс және тұрмыстық қоқыстардың үйінділерін көрдім. Шамасы, жеңіл көліктердің жүргізушілері ескі Индер жолымен жүргеннен гөрі, тегіс Махамбет жолымен жүргенді жөн санайтындығын пайдаланып, табиғат пайдаланушылар жүк машиналарымен осы жерге бүкіл қоқыстарын тасып, байқаусыз қалатын шығар.

Мұнай шламына келер болсақ, экология департаментінің қызметкерлеріне зертханалық жабдықтар көмегімен олардың қандай кеніштерден әкелін-генін анықтау қиынға түспейтін шығар. Бұл жерге құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды лақтырғандарды да  табуға болады. Тек айыптыларды анықтауды қатты қаласа болғаны.

Мұрат Сұлтанғалиев

Суретті түсірген автор

7 шілде 2011, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.