Атырау, 11 желтоқсан 17:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

«Қазақстан геологын» біреу сатқысы келе ме?

2 739 просмотра

Жазғы маусым басталғалы редакцияға «Геолог Казахстана» пансионаты сатылуы мүмкін деп мазасызданған оқырмандардан қоңыраулар түсе бастады. Кейбір мәліметтер бойынша, тиісті қызмет орындары тендерлік құжаттауды дайындап жатқан көрінеді. Іс жүзінде осы мәселенің рас-өтірігін тікелей пансионат басшылығынан білген едік.

Кавказдың табиғаты көркем жерлерінің бірінде орналасқан «Геолог Казахстана» пансионатын жеке қолға береді екен деген әңгімелер қалада әлсін әлі жүріп өтеді. Бұл шынымен де керемет демалыс орны. Пансионаттың жан-жағы қылқан жапырақты ормандар мен қарағай орманымен қоршалған. Таза ауа, өзінің минералды бұлақ көзі, толыққанды демалыс пен емделу үшін қажеттінің барлығы табылатынжаңа емдеу корпусы бар. Мұның бәрі клиенттер үшін ғана емес, потенциалды сатып алушы үшін де тартымды. Бәлкім, осынау қазақстандық кәсіпорынның Ресей аумағында орналасып, аккредитациядан өткендігі де қызықтыратынболар. Алайда пансионат басшысы сату мүмкіндігін мүлдем жоққа шығарып отыр. «Бұл туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Біздің пансионат – облысымыздағы аз қамтылған отбасылардың балалары үшін және интернаттық мекемелер үшін қолжетімді бірден бір емдеу-сауықтыру мекемесі. Егер оны сатар болса, онда балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілері үшін денсаулықтарын түзететін жер болмай қалады ғой. Жыл сайын осында мыңдаған балалар демалып, денсаулықтарын түзетіп кетеді», - дейді «Геолог Казахстана» емдеу пансионаты КҚМК директоры Шолпан ЕСҚАЛИЕВА. Дегенмен, пансионатта облыс тұрғындары да демала алады. 21 күнге балалар жолдамасы 62 800 теңге, ересектер үшін – 124 700 теңге. Демалыс пен көрсетілімдер бойынша сауықтыру процедураларынан бөлек жолдамаға 5 мәрте тамақтану мен жолақысы қосылады. Пансионат танымалдылыққа ие болған. Жаз басталысымен-ақ шілде айына жолдама алу қиынға соғады екен. «Геолог Казахстана» емдеу пансионаты КҚМК директорының орынбасары Борис МАТВЕЕВ бұған еш таң қалмайды: пансионаттың бұлақ көзінен алынған судың емдік қасиеті Қазақстанда да, Ресейде де кең танымал көрінеді. Оның үстіне пансионатқа қосымша бассейні болатын165 орындық тағы бір корпус салу жоспарда бар екен. Ал Шолпан Есқалиеваның кеңесімен облыстық білім беру басқармасы басшылығынан комментарий алудың сәті түспеді. Облыстық білім беру басқармасының бастығы Киікбай ЖАУЛИН үнемі бос болмайды және біздің тілшімізбен сөйлесуге еш уақыт таба алмады. Редакциядан жіберілген ресми сауалымыз ақыры жауапсыз қалды. Тек бір рет қана ұялы телефонына хабарласа алған едік. Бірақ ол пансионаттың сатылмайтындығын растаумен ғана шектеліп, шұғыл шаруалар бар дегенді себеп қылып, телефонын ажыратып тастады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 шілде 2011, 19:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.