Атырау, 19 желтоқсан 11:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Украинаның шығысында малайзиялық Boeing-ті кім ұрып түсірді». «Қауіп алыстан емес». «Мұнайға қауіп төнді ме?». «Ватиканда алғаш рет Құран оқылды». «Мектеп жеке бизнес көзі ме?». «Мәсімовтің “жай жұмыс сапарымен” жүргені енді анықталды».

2 149 просмотра

TENGRINEWS.KZ.     «Украинаның шығысында малайзиялық Boeing-ті кім ұрып түсірді» - "17шілде күні Украинаның оңтүстік шығысында малайзиялық жолаушылар тасымалдаушы Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Украина мен Ресей тараптары, сондай-ақ өздерін республика деп жариялаған "Донецкі және Луганскі халықтық республикасы" өкілдері әртүрлі баға беруде" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ALASHAINASY.KZ    «Қазақша есім қоюды неге ескере бермейміз?» - Әрбір мұсылман баласына жақсы есім қою басты міндеттің бірі. Әрине, барлық адам бірдей емес. Әркім бұл мәселені өзінің қалауымен шешеді.

AIKYN.KZ   «Қауіп алыстан емес» - «Қауіп – Қытайдан» деді кеше Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова. Осы күнгі отырысында Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ел Үкіметі фальсификацияланған өнімдермен және дәрі-дәрмектермен күрес шараларын қараған болатын.

«Ғаламторды торлаған “тобырлық”» - Әжем марқұм басы қара жерге жеткенше бес уақыт намазын қаза қылған жоқ. Отыз күн оразасын да ұмытпады. Ақ жіп пен қара жіптің арасын белгілеп, аузын бекітті.

«Мұнайға қауіп төнді ме?» - Өткен апта мұнай бағасының барреліне 8 долларға арзандауымен ойландырып кетті. Аптаның басында баррелі 114,6 долларға бағаланған қара алтын жұма күнгі саудада 106,6 долларға бір-ақ түсті.

«Ватиканда алғаш рет Құран оқылды» - Биыл Ватикан аумағында алғаш рет қасиетті Құран аяттары оқылып, дұға жасалды. Бұл оқиға Папа Францисктің израильдіктер пен палестиналықтар арасындағы бейбітшілікке қол жеткізу мақсатында екі ел басшыларын шақырған жиынында болды.

«Мектеп жеке бизнес көзі ме?» - Арнайы жүргізілген зерттеу барысында еліміздегі ата-аналардың 29 пайызы мектеп қажеттілігіне деп тұрақты түрде ақша өткізіп отыратыны анықталған.

AZATTYQ. ORG  «Мәсімовтің “жай жұмыс сапарымен” жүргені енді анықталды» - Қазақстан премьері Кәрім Мәсімовтің кей аймақтарға сапары жергілікті жұртқа қолайсыздық тудырғаны хабарланды. Оның баспасөз қызметі мұндай оқиға болғанын жоққа шығарады.

«Мұстафа Жемилевтің ұлы Қырымда қамауда отыр» - Еуропадағы адам құқығы жөніндегі сот қырым татарлары жетекшісі Мұстафа Жемилевтің ұлы Хайсер Жемилевті босатуды талап еткенмен, оны әлі Қырымда тұтқында ұстап отыр.

SERKE.ORG.  «Қазақстан оппозициясының шетелдік бюросы бастама көтерді. Не үшін?» - Қазақстан оппозициясының шетелдік бюросы Австрия түрмесінде жатқан Рахат Әлиевті қапастан шығармауға, оның жасаған қылмыстарына сай жазасын бергізуге бар күшін салып жатыр.

18 шілде 2014, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.