Атырау, 19 қараша 10:31
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Экс-әкімнің ісі. Жүйкесі сыр берді

6 496 просмотра

Бүгін, 16 шілдеде, «Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ» ісі бойынша соттың кезекті отырысы өтті. Оның болу-болмауы бүгінге дейін белгісіз болып еді Экс-әкімнің ісі. «Тергеу изоляторында құрып барамын»»).

Қалай болғанда да, сот залына айыпталушыны күшпен әкелген сияқты: айыпталушылар орындығына күзет жасағы отырғызған Құралбаев қолынан келгенше қарсыласып жатты. Ол әйнек қоршауды қолымен ұрғылап: «Мен бұл жерде бәрібір отырмаймын!» деп айқайлады. Судья Гүлнәр ДӘУЛЕТОВА адвокаттардың қорғаушысына салынған бұлтартпау шараларын жеңілдетуге деген өтінішінің қанағаттандырылмағаны жөнінде қаулыны оның даусынан естілмей қалмасын деп қаттырақ оқыды. Құралбаевтың ем курсын алу жөніндегі өтінішіне қатысты сот шешімі туралы залдағы шудан ести алмадық. Ол залға шақырылған куәгердің айғағына да қарсылық білдірді. Ақыр соңында сот оны шығарып жіберуге қаулы шығарып, Құралбаев соттың түске дейінгі отырысын зал сыртында өткізді.

Өз қорғауындағы адамның жағдайынан қауіптенген адвокат Вранчев соттан «жедел психиатрлық көмек» шақыруды сұрады.

- Таңертең оның қан қысымы мен қант деңгейін өлшеп, сот процесіне қатыса алады деген шешім шығарып, осында алып келді,- дейді Игорь Вранчев. – Алайда қазір оның психикалық жағдайы алаңдатып тұр, мұны камерада бірге отырғандар да байқапты (Вранчев осы қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған Александр КУЗЕМА мен Эдуард ДУРМАНОВТЫҢ да мүдделерін қорғайды). Соңғы уақытта ол қатты мұңайып жүрген, міне, бүгін ұзаққа созылған күйзеліс салдарынан және ем алу мүмкіндігінен бас тартылғаннан кейін жүйкесі қозып отыр. Ол өзін өте нашар сезінуде, сеніңіздер, бұл көлгірсу емес. Оның бұрынғы қарамағындағылар мен тергеу изоляторы қызметкерлерінің айтуынша, бүгінге дейін ол өзін жайлы, салмақты адам ретінде көрсеткен. Ал қазір ол өзіне мүлдем бақылау жасай алмай жүр.

Судья адвокат өтінішін қанағаттандырды, түстен кейін оны психиатр қарайтын болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 шілде 2014, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.