Атырау, 28 наурыз 19:38
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Экс-әкімнің ісі. «Тергеу изоляторында құрып барамын»

9 946 просмотра

Бүгін, 15 шілдеде "Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ҰҚҚ" ісі бойынша кезекті сот отырысы сотталушы Ұлан ҚҰРАЛБАЕВТЫҢ келмеуіне байланысты өтпей қалды. Ол тергеу изоляторының камерасынан шығудан бас тартты.

Қарауыл Атырау мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратына «Мемсараптама» РМК бас директорының бұрынғы орынбасары Ұлан Құралбаевсыз кешігіп келді. Өткен бейсенбіде оның адвокаттары ВРАНЧЕВ пен СИСИМБАЕВ судья Гүлнәр ДӘУЛЕТОВАҒА тыйым салу шарасын қамауға алудан анағұрлым жеңіл түріне өзгерту туралы өтініш берген еді. Кеше Құралбаевтың өзі сөз алып, оны денсаулығының нашарлауына байланысты бірнеше аптаға отырысқа қатысудан босатуды өтінді. Ол өзіне сот залына қатысу ауыр екенін және қосымша тексеріліп, емделуге мұқтаж екенін айтты.

- Тергеу изоляторында ақырындап құрып барамын, - деді 53 жастағы Құралбаев өз сөзінде және ол осы процестің нәтижесінде шығарылатын үкімнен гөрі денсаулығы маңыздырақ екенін білдірді.

Мәселе мынада, өткен аптада ол екі жыл ішінде алғаш рет тергеу изоляторынан шығып, кардиологтың қабылдауында болған.

- Тергеу басталғанға дейін көп уақыт бұрын Құралбаевқа жүректің ишемиялық сырқаты және тұрақты стенокардия деген диагноз қойылған еді. Бірнеше жылдар бойына ол тұрақты түрде ем алып тұрды, - деп түсіндірді адвокат Вранчев. - Ол терегу изоляторына қамауға алынған сәттен бастап әлденеше рет «жедел жәрдем» бригадасы шақыртылды. Соңғы кездері ол ауызы кеберсіп, қол-аяғы ісетіндігіне шағымданатын болды. Изолятор дәрігерлері диагнозды растады, бірақ тергеу изоляторы жағдайында мұқият тексерілу, білікті ем алу мүмкін емес екенін мойындап отыр. Облыстық кардиологияда диагноз расталды, емдеу курсы тағайындалып, ұзақ уақыт қосымша тексерілу ұсынылды. Ол ем алуға мұқтаж, сондықтан кейін сот залына қайтып келуі үшін ең болмағанда 2-3 аптаға процесске қатысудан босатуды өтінді.

Дәл бүгін судья адвокаттардың өтінішхаты мен Құралбаевтың өтініміне қатысты өз шешімін жария етеді деп жоспарланған болатын. Бірақ ол өтініштен бас тартатын шығар деп жорамалдаған болуы керек, бұл отырысты өткізбей тастады. Отырыс ертеңге, 16 шілдеге шегерілді. Ол бола ма, жоқ па, ешкім айта алмайды. Сотқа келуден жалтарған жағдайда мәжбүрлі түрде әкелу секілді шара қолданылады, алайда бұл шараның бұл мәселеге қатысты қаншалықты орынды екенін судьяға шешуге тура келеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

15 шілде 2014, 20:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.