AZATTYQ.ORG. «Борышкерлердің банктегі наразылығы полицияда аяқталды» - Алматыда АТФ банк ғимараты алдында наразылық білдірген бірнеше белсендіні полиция ұстап, біреуіне айыппұл салды. Ал банк борышкерлер мәселесін шешіп жатқандарын айтады.
«Мирзояннан басқа да «көше атына лайық еместер бары» айтылды»- Тұрғындар «сталиндік репрессияға қатысқан көптеген большевиктердің атында көшелер бар» дейді. Тарихшылардың ол тұлғалар туралы пікірі әркелкі.
ABAI.KZ. «Сауалнама: украиналық "босқындарды" қабылдау қажет пе, жоқ па?» - Abai.kz ақпараттық порталының тілшісі Қостанай облысы Қамысты ауданының Дружба деген ауылында «Украинадан қашқан 20 босқынның отбасын қарсы алуға дайынбыз» деген «жалынды» ұран көтеріліп жатқанын жазды. Ал, Тараз қаласына Украинадан ауған жұрттың алды келе бастағаны туралы ақпарат тарауда. Мұны қалай түсінуге болады?
ALASHAINASY.KZ. «Қазақша білмейтін көшірме заңды қалай түсінеміз?» - «Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» деуші еді. Алайда, біздің елдің заңдары бұл қағидаға бағынбай тұр. Яғни заңдарымыздың ұлттық ерекшеліктерімізге сай, еліміздің менталитетіне негізделген өз ерекшелігі байқала бермейді. Себебі заңымыз «жазылмайды» көбінесе «көшіріледі». Міне саған «заң басқа». Мұны жақында Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов мырза да айтты.
BAQ.KZ. «Капиталға рақымшылық жасау - әлем экономикасында жаңалық емес» -Үстіміздегі жылдың 11 сәуірі өткен Ұлттық инвесторлар кеңесіндегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың капиталға рақымшылық жасау тапсырмасы бойынша Қаржы Министрлігі, Ұлттық банк және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар бірлесіп, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленген болатын.
«Жария ету-2014: мүмкіндікті пайдалан» - Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүкіл ел аумағында мүлікті жария ету науқаны басталады. Осыған орай Қазақстан тұрғындары құзырлы министрлік басшыларына 21 шілде күні тікелей эфир арқылы сауалын жолдау мүмкіндігіне ие болып отыр.
KZ.OTYRAR.KZ. «Ән салып, ертегі айтатын электронды үйдің тұсауы кесілді» - Бесік жырын айта алмайтын келіндерге, ертегі білмейтін әжелерге арналған жаңа тәрбие құралы жарыққа шықты. Ол — «Электронды қазақ үйі» деп аталады. Киіз үйдің кішірейтілген нұсқасына бесік жырынан бастап ертегілер, балалар әндері, халық сазгерлерінің ән-күйлері және Абайдың 45 қара сөзі енгізілген.