Атырау облыстық қаржы полициясы «Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ» ісі бойынша өткен сот барысында тергеуде берген өз жауаптарынан бас тартқан тағы үш куәгерге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бірақ оларды жалған куәгерлік берді деп айыптап отырған жоқ.
Біздің сауалымызға ЭСҚКД жауап ретінде қылмыстық істердің қозғалып, тергеу ісі басталғанын растады. Куәгерлер Ж.ҚУАНЫШБАЕВҚА (облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары), Г.ЗИНУЛЛИНАҒА (сол басқарманың бұрынғы маманы) және Е.БЕКЕШОВКЕ («АТГ-Құрылыс» ЖШС директорының орынбасары) ҚР ҚК-нің 176-бабы («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иелену немесе ысырап ету») бойынша айып тағылған. Естеріңізге салсақ, ҚК-нің осы бабы бойынша «Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ» ісі бойынша бүкіл сотталушыларға айып тағылған болатын. Осы үш куәгер, бұдан бұрынғы басқа бес куәгер секілді, сот залындағы жауап алу барысында тергеушілер тарапынан қысым жасалды немесе жаңылыстық деген желеумен бұрын тергеу ісіне берген жауаптарынан бас тартқан еді.
Атырау мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы істі қайта қарау өз кезегімен өтуде. «Электрлендіру» топтамасымен жете таныстырылды. Бірнеше сотталушыға Құрманғазы, Индер және Қызылқоға аудандарындағы электр желілерін қалпына келтіру жөніндегі біраз жұмыс түрлерінің орындалмауына байланысты айып тағылды. Көптеген куәгерлерден – мердігер мекемелердің директорларынан, аудандық әкімдік басшыларынан, аудандық ТКШ басқармасы мен «Атырау-Жарық» АҚ-ның өкілдерінен жауап алынды.
Олар жұмыстардың толықтай көлемде орындалғанын және мемлекеттік қабылдау кезінде бірнеше сотталушыны айыптап отырған фактілердің анықталмағанын растады. Айыптау сараптама қорытындысына негізделген, бірақ оның авторы УТЕКОВА жаңылысып, қойылған сұрақтарға жартымды жауап бере алмады.
Өзінің сараптама қорытындысында ол белгілі бір жұмыстардың орындалмағанын көрсеткен. Оған басқа куәгерлердің жауабы қарама-қайшы келеді. Мәселен, Утекова өзінің көрсетілген нысандарды тексеруге барғанын растайды. Ал сотта тексеру мақсатында өлшем жүргізуге қатысқан «Атырау-Жарық» өкілі сарапшылардың, соның ішінде Утекованың тексеру жүргізу барысына қатыспағанын айтты. Сотта сарапшы «электр саласындағы маман болып табылмайтындығын» желеуретіп, бірқатар сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Бұл кейбір сұрақтарға жауап алу барысында анық болды. Ол жекелеген жұмыс түрлері мен электр жүйелерін қалпына келтіру кезінде қолданылған кейбір материалдардың маңызын түсіндіре алмады. Солай бола тұра, ол өз қорытындысында оларға баға берген.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА