Атырау, 26 желтоқсан 06:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Әмбебап орталық

2 913 просмотра

1 шілдеде Владимирский көшесінде орналасқан бұрынғы қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында  (№3 мектепке қарсы)  жұмыспен қамту орталығы ашылды. Жұмыссыздарға қызмет көрсету үшін мұндай орталықтар облысымыздың барлық аудандарынан ашылуда.

Күні кешеге дейін бос қалған халыққа қызмет көрсету орталығыныңғимараты бұзылған омартаны еске салатындай күйде еді. Жергілікті бұзықтар барлық әйнектерді, едендегі кафельдерді қиратқан. Орталықтың ашылуына орай ғимаратты қайтадан жөндеуден өткізген, қирандыдан із де қалмаған. Салтанатты сәтті тек қана желдеткіштердің жоқтығы ғана бұзғандай болды, алайда, оларды орталық директоры Нұрлан БЕРДІБЕКТІҢ айтуынша орнатып үлгермеген екен.  

Республикалық «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында еліміз бойынша барлық жерде жұмыспен қамту орталықтары ашылуда. Бағдарлама 3 бағытта жұмыс жасайтын болады: 1) халықты жұмыспен қамту бойынша оқыту және көмек көрсету; 2) селода кәсіпкерлікті дамытуға, оның ішінде халыққа төменгі пайыздық мөлшерлемелермен шағын несиелеу арқылы көмек беру; 3) еңбек ресурстарының тұтастылығын көтеру (құлдыраған аудандардан көшіру). Халықтың барлық құжаттары осындай жұмыспен қамту орталықтарында бағдарламаның барлық бағыттары бойынша қабылданатын болады. 

Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Гүлмира ШАКИРОВАНЫҢайтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру үшін Атырау облысына барлығы 1,3 млрд. теңге бөлінеді, оның 126 млн. теңгесі 18 селолық округтан тұрғындарды көшіруге жұмсалмақшы. Оның ішінде Дамбы селолық округінің Пешной поселкесіндегі 80 үйдің тұрғындары, Исатай ауданының 2 округі, Индер ауданының 4 округі және Құрманғазы ауданының 12 округінің және Азғыр поселкелерінің тұрғындары бар. 

-Болашақ қоныс аударушылар құжаттарын аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарына тапсырулары тиіс. Көшіру барысында адамдардың болашақта тұратын жерлерін таңдауы  және мамандықтары ескерілетін болады. Бағдарлама аясында біз жаңа орынға көшірілген қоныс аударушыларды жұмыспен қамтуға да міндеттіміз, - деп мәлімдеді Г.Шакирова.

Облыс бойынша барлығы 5 600 жұмыссызды жұмыспен қамту және аз қамтылған отбасынан шыққан  9-шы, 11-ші сыныптың 500-дей  түлектерін оқыту жоспарланып отыр. Бұл санаттағылардың оқуы мен жатақханаларда тұруын мемлекет толығымен өз мойынына алады. Колледжде немесе лицейдегі  бір жылғы оқу ақысының шығыны 100 000 теңгені құрайды деп болжамдалып отыр. 12 000 теңге шәкіртақы, 6 000 – жылына бір рет берілетін жолақы, 15 000 теңге – студенттің жүріп-тұруына. Г.Шакированың айтуынша, болашақ түлектің жұмысқа орналасуы кепілді болады: жұмыспен қамту органдары мен жұмыс берушілер арасында әлеуметтік келісім-шарт жасалады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген  автор

7 шілде 2011, 00:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.