Атырау, 22 желтоқсан 12:50
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қаңғыбас иттер өріп жүр

11 137 просмотра

Қала тұрғындары соңғы кезде қаңғыбас иттердің қаптап кеткеніне алаңдаулы. Олар көшеде өріп жүрген бұралқы иттер балаларымызды қауып алып жүрмесе еді деп қор-қады. Халықтың алаңдайтын жөні бар. Өйткені, іргедегі Орал өңірінде мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған.

Ата-аналар кішкентай балаларын мектепке жіберерде Батыс Қазақстан облысындағы оқиға секілді ашыққан иттерден аман болса екен деп тілеп отырады. Әзірге ауылдарды білмейміз, қалада «ит қапты» деген суық хабарды ести қойғанымыз жоқ. Десек те, облыстық аурухананың жарақат бөліміне жолығып, осындай жағдайдың тіркелген-тіркелмегенін білмек болдық. Бөлім меңгерушісі Асхат БИСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, жыл басынан бері жарақат бөлімінен жедел жәрдем сұрай келген қала тұрғындарының саны 410-ның үстінде. Олардың 90-95 пайызы ит қауып алған жағдайлармен тір-келгендер. Ал медбикелер болса, иттердің адамдарды қабу оқиғасы көбіне-көп көктем мезгілінде көбейіп кетеді дейді. Айталық, биылғы жылдың қаңтар айында 34 оқиға тіркелсе, сәуір айында 48 оқиға тіркелген. Оның 33-і қаңғыбас иттер қапқан жайттар. Ал қыркүйек пен қараша айларында ит тістеп алған 28 жағдай тіркелген. Асхат Нәбиұлы қалада иттердің құтыру ауруы кездесетін жағдайлардың да кездеспегенін айтады. Жалпы, жарақат бөліміне иттерден бөлек, қасқыр, түлкі, борсық, атжалман, мысық тістеген оқиғалар да бар. Мәселен, біз барған күні жарақат бөліміне өзінің асыранды мысығы тістеп алған адам түскен болатын.

Қаңғыбас иттерді атумен айналысатын «Арнаулы автобаза» КМК-ның бастығы Дулат ТҰРҒАМБАЕВ болса, қазіргі күні бес бригаданың (бір бригада екі кісіден тұрады) қала және ауылдарда ит атуға кірісіп кеткенін айта келе, иттердің әр жылдың қыс мезгілінде көбейіп кетуі үйреншікті жайт екендігін түсін-дірді. Және, күн суытқанда әсіресе, желтоқсан-қаңтар айларында иттер күшік-тейтіндіктен толып кетеді дейді.

Оның айтуынша, ит атуға күн сайын шығып отырған бригадалар келер жылдың қаңтар айының аяғына дейін облыстағы бұралқы иттердің санын азайта түспек. Жалпы, ай сайын бір бригада 300-дей ит атып отырса, бес бригада қосылғанда, атылған иттердің саны орташа есеппен айына 1500-ды құрайды екен. Ал бір ит атқаны үшін бригада өкіліне 570 теңге төленеді. Және оның 500-і бензині мен басқа шығынына ал 70 теңгесі оққа жұмсалады екен.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

16 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.