AZATTYQ.ORG. «2022 жылғы қысқы олимпиада Алматыда өтуі мүмкін бе?» - ХОК Алматы, Осло және Пекинді 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге кандидат ретінде ресми түрде тіркеді. Сарапшылар Алматының жеңілеріне, ал Қазақстан олимпиада комитеті мен қала әкімдігі жеңеріне сенеді.
«Жалға пәтер берушілер полициядан қысым көргенін айтты» - Алматыда жалға пәтер беретін бір топ әйел полицияның күнделікті орындарынан қуғанын мәлімдеді. Бұған наразылық ретінде жолды жабуға тырысқан бірнеше адам ішкі істер басқармасына апарылған.
«Джон Теффт АҚШ-тың Ресейдегі елшісі болуы ықтимал» - Оны АҚШ-та ескі дипломатиялық мектептің кәсіби өкілі деп біледі. Ал Ресейде оны Грузия мен Украинадағы «түрлі-түсті төңкерістердің» басты ұйымдастырушысы деп есептейді. Дипломат АҚШ-тың Ресейдегі келесі елшісі болып тағайындалатын сыңайлы.
ABAI.KZ. «Қазіргі жастардағы діншілдік көріністері»- Расында, қазіргі кезде дінге бет бұрушы жастар қатары көбеюде. «Шөлдеген жан су көрсе, бас қоймай ма қайнарға»,-деп дана, хакім Абай айтқандай, жылдар бойы рухани сусаған халық бірден дінге бас қойды. Алайда, дінсіздік деңдеген елдің ересегінің де, әсіресе жастарының діни санасы тым төмен. Осы себепті, діни білімнің төмендігінің себебінен жастарымыз ақ қараны әлі де ажырата алмай жүрген жайы бар
SERKE.ORG. «Міндетті медициналық сақтандыру қорының түбіне жеткен кім?» - АҚШ-қа қашып кеткен Қазақстанның Міндетті медициналық сақтандыру қорының (ММСҚ) бұрынғы басшысы Талапкер Иманбаев 16 жыл бойы ішінде сақтап келген құпиясын жария етті. Ол Forbes.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан азаматтарын әлеуметтік жағынан қамсыздандыруды көздейтін медициналық сақтандыру жүйесінің не себепті жүзеге аспай қалғанын, оған кім кедергі жасағанын айтып берді.
«Қазақстан» телеарнасының кекесіні» - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы логотипін өзгертті. Телеарна атындағы «Қазақ» сөзінің астында көк түс, ал «стан» сөзінің фонына сары түс берілді. «Қазақстан» сөзі ақ әріптермен жазылыпты. Бар болғаны – осы. Бұл өзгеріс көрермендердің ойын сан-саққа жүгіртіп жатыр. Кейбірі мұны сары фильтрлі сигаретке, енді біреулер ұялы телефонның экранындағы заряды бітіп бара жатқан батарейкаға ұқсатып жатыр.
«Көсеу ұстағандар көсем болуды көздейді» - «Жас Алаш» газетінде (№48 (15922), 19 маусым, бейсенбі, 2014 жыл) «Жағыну мен сатылудың арасы» деген атпен кезекті пасық пасквиль (жалалы шығарма) жарияланғанда, басымызға қан теуіп шықса да, алдымен «соған жауап жазып, сөз шығындап керегі не?» деген ой келді. Кейінірек: «Жармахан, Балташ ағаларымыз сияқты елге сыйлы азаматтарымызды жала жауып, жерден алып, жерге салып жатқанда, көрмегендей болып үнсіз жатқанымыз өзімізге сын емес пе?», – деп намыстандық.
AIKYN.KZ. «Мінезі қиын адамдар бастық болады» - Егер сіз өз бастығыңызды мейірімсіз, өзімшіл, атаққұмар деп ойласаңыз, сіз қателеспейсіз. Өйткені норвегиялық менеджмент мектебінің ғалымдары осылай деп санайды. Жаңа зерттеулер нәтижесі - жетекшілік қызметтегі адамдар ызақор, намысқор болатынын көрсетті.
«Ет импорттауға жете ме?» - Маусым айы бұқараның есінде картоптың 250-280 теңгеге дейін қымбаттауымен, арагідік қайсыбір аймақтарда нан бағасының көтерілуімен есте қалғаны анық. Картоп бағасының шамадан тыс шарықтауын біз геосаясат салдарынан іздедік.
QAMSHY.KZ. "Арғы дүниенің азабынан Алматының “тозағы” уайым болды» - Қара жердің бетінде жүріп, қара бет болғалы қашан. Еуропаның болмысымызға олқы келетін олар үшін « оң» деп бағаланған «солақай» әрекетке барып жүрміз. Соның бірі Совет дәуірінен бері бас көтеріп келе жатқан, қазақ жерінде крематорий ошағын салу. Алтай мен Арқаның арасындағы кең жатқан жер тақиямызға тар келген сыңайлы.
BAQ.KZ. «Ораза жұмыссыздардың «жұмысы» ма?» - «Атқаратын қызмет уақыттан да көбейіп кетті», – деген екен бір ізгі ғұлама. Тұжырымнан алатын тағылым көп. Осы ой оразаға дөп келгендей. Өйткені, шарапаты мен шапағаты мол Рамазан айында Ұлы Аллаға ұнамды әрбір игі амалдың сауабы сансыз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ораза ұста, өйткені, оған тең келер құлшылық жоқ», – дегені санамызға салмақ салатындай-ақ сөз.
TURKYSTAN.KZ. «Украина Еуроодақ табалдырығында тұр» - Украинаны тығырыққа тіреп, экономикасын едәуір құлдыратып жіберген не жағдай? Әуелгіде бейбіт наразылықпен басталған ереуілдің соңы неге бейберекетсіздікке ұласты? Билік қарапайым халықтың пікіріне құлақ түрді ме? Ашынған жұрттың көздеген мұраты не?