Атырау, 26 желтоқсан 06:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мақат пен Құлсарының ортақ мұңы

4 202 просмотра

Жуырда «Ақ Жайықтың» поштасына Мақат кенті мен Құлсары қаласы тұрғындарынан дабыл түсті. Коммуналдық проблемалардан қатты қажыған адамдар жағдайдың қашан жөнделерін тағатсыздана сұрауда.

МАЗАСЫ ҚАШҚАН МАҚАТ

Кент тұрғындары нәжіс сулардың жертөледен асып, көшеге жайылу фактісінің орын алғандығын телефон арқылы хабарлады. Әсіресе, Теміржолшы көшесіндегі көпқабатты 80\4 үйдегі жағдай мүлдем шиеленісіп тұрғанын айтты. Сасық иістер үйде де, далада да тұрғызбайтын көрінеді.

‑Келіп көріңіздер, жертөле канализация суына толып кеткен, енді сыртына шығуда. Бұған біздің әліміз келер емес, келмейді де. Өйткені оны соратын ваккум қажет, ал әкімдікке дабыл түсіргенімізге бірнеше күн болды, шарасын алатын емес. Бізді адам деп қабылдайтындар бар ма, осы,‑дейді Нұрберген есімді тұрғын.

Иә, біздің де көзбен көргеніміздей, кенттегі көпқабатты үйлердің жертөлелерін канализацияның лас суы басып кеткен екен. Оны тазарту «Атыраусуарнасы» КМК‑ның құзырында жоқ болып шықты.

‑Біз тек көпқабатты үйлердің жертөлесіне дейін ғана жауап береміз. Судың ескі желісінің жарылу фактісі орын алғанда арнайы бригаданы Атыраудан жіберіп тұрмыз. Ауыз суға тұрғындардың өкпесі болмауы тиіс, өйткені қыста тәулігіне 1200 текше метр суды босатқанбыз. Енді оның көлемін өсіріп отырмыз, яғни тәулігіне 2800-3000 текше метрге дейін жеткіздік. Кентте ПИК атымен жоқ. Аудан әкімдігі енді ғана ұйымдастыру шараларын қолға алуда. ПИК болмайынша, көпқабатты үй тұрғындарының жағдайы шиелінісе беретіні сөзсіз. Егер жеке пәтер иелері иелік танытпаса, жағдай осы қалыпта қала беретіні анық,‑­дейді «Атыраусуарнасы» КМК‑ның директоры Серік ЖҰМАШБАЕВ.

Ал Мақат ауданы әкімі Ғилымғали ҚАЙНЕНОВ жағдай қалыпқа келетінін айтқан еді. Бірақ қалай, оны ашып жеткізбеді де.

ҚАБАҒЫ ҚАТУ ҚҰЛСАРЫ

Құлсары қаласындағы 1 және 3 ықшам аудандардың тұрғындары да ауыз су мәселесі жөнінде шағымданған болатын.

Осыған орай аталмыш қалада болғанымызда баяғыша ауыз суды даладағы құбырдан тасып ішіп отырған тұрғындарды көрдік. Үйлердің сыртына шығарып қойған крандардан үш мезгіл берілетін суды жоғары қабатқа мықшыңдап тасиды екен. Балалар да жазғы каникулдарын су тасумен өткізіп жатыр. Суретте көріп отырғандарыңыздай, күніне бес литрлік баклашканың жиырма данасын тасып жүрген мына бала әке, шешесінің жұмыста екенін айтты.

‑Үнемі су тасу қиын емес пе? Жазғы демалысың қалай өтіп жатыр?

Осы жерде сөзге егде әйел араласты:

­‑Қайтсін, каникулдарын балалар су тасумен өткізіп жатыр. Бұл бірнеше жылдан қалыптасқан жағдай, қашан суға жаримыз екен. Бәрінен бұрын қарт адамдарға обал‑ақ‑дейді Нәсіп апай.

Әкімдіктен білгеніміздей, ТШО‑ның «Игілік» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылу үстінде екен. Мәселен, №5 ықшам аудан тұрғындары су мәселесінің шешілгенін айтты. Яғни, су жоғарғы қабатқа дейін көтерілуде.

‑«Игілік» бағдарламасы бойынша су құбырын тарту ісі қарқын алып келеді. Мәселен, 87 көпқабатты үйдің 45‑нің су желісі жаңартылды, 15‑нің жұмысы бітіп, іске қосудамыз. Сонда қалған 23 көпқабатты үйді 10 шілдеге дейін бітіреміз деп отырмыз. Әрине, 1 және 3 ықшам аудандар тұрғындарының өкпе-реніштерін жақсы түсінеміз. Енді санаулы күндерден кейін су жоғарғы қабатқа түгел көтерілетін болады. Құбыр жаңарту жұмысының жүруіне байланысты су мөлшерін азайттық. Жөндеу біткесін бәрі қалыпқа келеді. Болашақта су үздіксіз берілетін де болады. Және облыстан жаңа үлгідегі жылу қазанын алатын болып, қаржы бөлінуде. Жертөлелерді тазарту, құбырын ауыстыруға қосымша қаржы сұрастырудамыз. Нешеме жылдардан бері қордаланып қалған проблемалар осылайша біртіндеп жойылуда. Бірақ тұрғындар тарапынан ПИК құруға ынта болмай тұр, бірақ біз түсінік жұмыстарын жүргізіп жатырмыз,‑дейді Құлсары қаласы әкімі Шәкір КЕЙКИН.

Сонымен, екі аудандағы ахуал осылай қалыптасуда. Бірақ Мақат ауданындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

30 маусым 2011, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.