Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі экспозициялық киіз үй ішінде керегеге ілінген ақ ыдыс көзіме бірден түсті.
- Бұл қозының қарыны, - деді менің қызығушылығымды байқаған музейдің экскурсия бөлімінің меңгерушісі Оксана ӘЛЖАНОВА. – 2007 жылы біздің қызметкерлеріміздің Құрманғазы ауданына жасаған этнографиялық сапары кезінде Балқұдық ауылының тұрғыны Шыңғысбай АМАНҒАЛИЕВ бұл месті музейге сыйға беріпті. Көне дәуірде көшпелі қазақтар малдың жақсы тазаланған және жуылған қарындарын май, қаймақ, айран сақтау үшін қолданған. Қарынның ішіне белгілі бір сұйықтық құйып, аузын жіппен байлап, оны салқын құдық суына салып қоятын. Осылайша, тез бұзылатын өнімдер табиғи тоңазытқышта жақсы сақталатын.
О. Әлжанованың айтуынша, ерте көктемде, яғни, мал төлдеп, сауын басталғаннан кейін қазақ үйінің дастарханы ақтан арылмайтын. Көшпенділер тұрмысының бір ерекшелігі – олар сүтті сол күйінде ішпей, одан түрлі ашыған өнімдер дайындайды. Қысқа көп мөлшерде құрт дайындап қоятын. Оны тек жеу үшін ғана емес, қажет кезінде суға немесе сорпаға езіп ішетін. Мұндай сусын ашыққанда нәр беріп, шөлді жақсы қандырады.
- Дәнді дақылдар ішінен қазақтар көне заманнан бері тарыны көп пайдаланған. Түрлі көжелер дайындалатын жармалар мата дорбаларға салынып, кебежелерде сақталатын.
Қараша айында, жайлаудан қыстаққа оралған кезде соғым шалу кезеңі басталады. Етті ұзақ сақтау үшін оны қақтап, кейіннен тұздайтын болды. Қақталған және тұздалған ет кесектерін астықтың ішінде сақтады. Осылайша олар ұзақ сақталатын.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор