Фото gazeta.kz сайтынан алынды.Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ – Шведтердің қорғаныс зерттеулері институтының (FOI)сарапшылары НАТО әскерлерінің Ауғанстаннан әкетілуі Өзбекстанда радикалды исламның күшеюіне әкеледі деген қорытынды жасап отыр, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігінен (ӨзТАГ).
«НАТО әскерлерінің 2014 жыл соңына жоспарланып отырған Ауғанстаннан әкетілуі тек ел ішіндегі жағдайға ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы көршілеріне де әсер етеді. Есеп авторлары Ауғанстаннан төнетін қауіп-қатерлердің негізгісі бүкіл Орталық Азия үшін ортақ болып табылады – ол есірткі контрабандасы, исламизм мен терроризм деген қорытындыға келді», - делінген жарияланымда.
Хабарда айтылғандай, FOIсарапшыларының есебі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Өзбекстандық әріптестермен ынтымақтастықта жасалыпты.
Есепте қандай да қатердің осы өңірдегі елдерге ықпал ету жағынан әркелкі болатыны айтылған. Егер Өзбекстан үшін бірінші кезектегі қауіп радикалды ислам болса, Түркменстан үшін өздерінің шекарасын есірткі контрабандасынан қорғауды күшейтуі керек.
Тәжікстанда жаңа қауіпті күтпейді екен. FOIсарапшысы Йохан Нурбергатап кеткендей, оның Тәжікстандағы сұхбаткерлері Ауғанстаннан НАТО әскерлері кетісімен айтарлықтай жаңа қауіп күтілмейді деп айтады екен.
«Қаншалықты күлкілі болғанымен, Тәжікстан сарапшылары оларда қазірдің өзінде біздің қауіптенетін барлық қауып-қатерлер: есірткі трафигі де, терроризм де, діни экстремизм де барлығын айтады», - дейді Й.Нурберг.
Бұрындары ӨзТАГ хабарлағандай, Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Шанхайда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде (АӨСШК)сөйлеген сөзінде НАТО күштерінің Ауғанстаннан әкетілу мерзімін кейінге шегеруді қолдайтынын мәлім етті.
Дереккөз: ҚазТАГ