Фото: zakon.kzАлматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Ресей мен Қытай оларды Батыспен тең ететіндей қуатты қару жасауда, деп жазады немістердің Die Welt газеті.
Хабарда айтылғандай, әңгіме жаңа зымыран, немесе барлауға керек қуатты спутниктер жасалғаны туралы емес, одан да маңызды оқиға туралы болып отыр. Екі ірі мемлекет Батыста қаржы саласын жаулап алу шабуылын бастады, деп жазады газет. «Жақынға дейін Ресей мен Қытай толығымен Батыстан тәуелді болатын: қаржылық нарықтарындағы негізгі валюта – доллардан бастап, төлем жүйелеріндегі Visa және Mastercard жүйелерін енгізіп, рейтингтік агенттіктерін де қабылдап, батысша «толтырған» болатын», - делінген хабарда.
«Мәскеу мен Бейжің одан арылуды жолға қойды: «Егер кез келген мемлекет қаржы жүйесінде қарсылық таныта алмайтын болса, ол ешқашан нағыз саяси немесе әскери держава бола алмайды». Ресей мен Қытай бірлескен ресей-қытайлық жобаларды бағалайтын жаңа бірлескен рейтингтік агенттік ашу туралы уағдаласты», - деп еске салады басылым.
Осылайша Ресей мен Қытай американдық негізгі үші ықпалды рейтингтік агенттіктер - Standard & Poor's, Moody's және Fitch агенттіктерінің қоғамдық пікір қалыптастыра алу құқығын алмақшы, деп жазады неміс журналистері. Мәскеу Қырым науқаны кезінде рейтингтік агенттіктердің жариялаған теріс болжамдарының қалай әсер ететіндігін жақсы сезінді. Рейтингтің төмендеуіне қаржылық нарық күрт әрекет еткендіктен ресейлік басшылық батыс рейтингтік агенттіктерін бағалауда саяси астарға ұрынды деп айыптады. Сондықтан Ресей Қытаймен бірігіп қарсы соққы береді», - деп жазады басылым.
Басылым мәліметтерінше, батыстық қаржылық үстемдікке қарсы тұрудың ресей-қытайлық бірлескен тағы бір қадамы өздерінің дербес даму банкін құру болып табылады. Ол дамушы елдерге еш назар салмайтын «Халықаралық валюталық қорға (ХВҚ) қарсы тұрарлық балама болуы тиісті».
Одан басқа екі ел де доллар позициясын жаһандық валюта ретінде әлсіретпекші.
«Атап айтқанда Еуразиялық одақта рубль орталық валюта болады. Қытай да өзінің сыртқы саудасында юань ықпалын арттырмақшы. Әзірге барлық трранзакциялар американдық банктер арқылы жүруінен автоматты түрде Батыс ықпалында қалып отыр. Атап айтқанда, ол Қырым дағдарысы кезінде ресейлік банктермен ынтымақтасудан бас тартқан Visa және Mastercard сынды алыптарға қатысты болып отыр. Ресей президенті ұлттық төлем жүйесін құратындығын мәлім етті», - деп жазады неміс газеті.
Дереккөз: ҚазТАГ