Атырау, 25 қараша 09:23
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қол қойдың ба? Жауап бер!

5 950 просмотра

Айыпталушылардың адвокаттары. Суретті түсірген Қанат ЕлеуовАйыпталушылардың адвокаттары. Суретті түсірген Қанат ЕлеуовАтырау мамандандырылған ауданаралық сотында «Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ» ісі шеңберінде «Газдандыру» топтамасы бойынша тыңдау жалғасуда.

«РҮСТЕМ ДЕП АЙТЫЛСА, БЕРГЕЙ ДЕП ТҰСПАЛДАЙТЫН»

Бұл күндері сот залында айыпталушылар орындығына отырмаған тұлғалардың есімдері тағы да аталды. Алайда, олардың болған жайттарға тікелей қатысы бар еді. Куәгер Игорь ПАРТЫЛОВТАН («Облтрансгаз» ЖШС-нің бұрынғы басшысы, газдандырудың 2-кезеңін жобалаушы) жауап алынып, ол «АТГ-құрылыс» компаниясына өз үлесін қалай бергенін айтып берді.

-…Бәрі соншама қорқатындай ӘЛБАҚАСОВ деген кім дейсіз бе? - деп кері сұрақ қойды куәгер адвокаттардың біріне. – Сол кезде сіз бұл сұрақты дауыстап қоймас едіңіз, сіз қазір осылай айтып отырсыз.

- Сізге қоқан-лоқы жасалып отырғандығы туралы қайда болмасын шағымданған жоқсыз ба?

- Есіңізде жоқ па, әкімнен (Бергей РЫСҚАЛИЕВТАН) кейін бірден облыс прокурорын, ІІД бастығын орындарынан алып тастады ғой... Біз кімге шағымдана алар едік?! – деді тағы да сұраққа сұрақпен жауап берген Партылов, облыстың экс-әкімінің атышулы отставкасы мен одан кейінгі құқыққорғау органдары басшыларының отставкасы арасындағы себепті-салдарлы байланысты меңзеп. Естеріңізге салсам, Б.Рысқалиев жұмбақ жағдайда жоғалып кеткеннен кейін сол 2012 жылы тамызда облыстың бас прокуроры Сайфолла КЕМАЛОВ, ЭСҚКД бастығы Ерлан ЖАЛМАҒАМБЕТОВ, ҰҚКД бастығы Нұржан ЖІГІТЕКОВ пен ІІД бастығы Рахмаджан ДОСАНОВ орындарынан алынды.

Басқа адвокат Партыловтан тергеуге берген жауаптарының кейбірінің мән-жайын түсіндіруді өтінді:

- Артем ДАНЕВИЧ арқылы сізге «АТГ-құрылыс» фирмасын тапсыруды ұсынды. Осыған байланысты сіз қандай заңды құжаттарға қол қойдыңыз?

- Иә, бұл фирманы үшінші тұлғаға беріп, үлестік қатысудан бас тарту болатын. Мен, тіпті, құжаттың нысанына да мән бермедім, нотариусқа барып, қолымды қойдым да, кетіп қалдым.

- Әлбақасов деген кім?

- Облыс әкімінің жақын туысы, ол, тіпті, облыс әкімінің отырыстарына да қатысатын. Олардың арасындағы қарым-қатынастың қандай екенін әр адам көре алатын. Егер әңгіме арасында «Рүстем» деп айтылса, бұл Бергей деген тұспал еді.

- Мұны сіз өзіңіз түсіндіңіз бе, әлде сізге басқа біреу айтты ма?

- Түсіндім де, Ахаман да айтты (Аманжан РЫСҚАЛИ - экс-әкімнің інісі).Сөзбе-сөз есімде жоқ, 2009 немесе 2008 жылы болған еді. Әлбақасовтың сөзін облыс басшысының қалауы деп есептеуге негіз берді.

(Естеріңізге салсам, осы қылмыстық істің шеңберінде рейдерлік туралы тергелген жоқ. Шамасы, ол оның басты фигуранттары қашан болмасын айыптылар орындығына отыратын болса, басқа іске кіретін шығар – З.Б.).

Партылов облыс аудандарын газдандыру кезінде сатып алынатын өнімнің негізгі түріне – полиэтилен тұрбаға көтермеленген баға қолданылғанын айтты.

- «Шеврон» зауытына сұраныс жіберіңіздер, диаметрі 630 мм тұрбаның қума метрі ол кезде 50 мың теңге болды. Ал, Даневич ұсынған тізімдемеде баға өте жоғары көрсетілген – бір қума метрге 63 мың теңге. 

 

БАСҚА ТҰРБА

Сотта сарапшылар ретінде тергеуге тартылған «Шевронмұнайгаз» зауытының газ тұрбаларын сынау жөніндегі мамандарынан жауап алынды. Сынау кезінде оларға іс материалдарында көрсетілгеннен басқа өлшемдегі тұрбалар ұсынылғандығы анықталды. Қылмыстық істе тұрбаларды сынау хаттамасы бар. Алайда, мамандар лицензиялары жоқ болғандықтан, қорытынды бере алмапты.

- Біз қорытынды бере алмайтын едік, өйткені, біз сараптама емес, сынақ жасаймыз, - деп түсіндірді мамандардың бірі. – Сондықтан сынақ хаттамасын бердік.

Куәгерлер сот залында көрінеу жалған қорытынды бергені үшін оларды қылмыстық жауапкершілікке тартатындығы туралы тергеу ісінің ескертпегенін мойындады.

- Сіз ҚР-ғы сот-сараптама қызметі туралы заңнаманы білесіз бе? –дедіадвокат СЛИНЧЕНКО.

- Жоқ,- деп шынайы жауап берді «Шевронмұнайгаз» зауытының сапаны бақылау жөніндегі супервайзері ЧИЖЕНКОВА.

Сотта төрағалық еткен Гүлнәр ДӘУЛЕТОВА кезекті сәйкессіздікке назар аударды:

- Алу хаттамасында үлдірге оралған тұрбалардың суреттері бар. Тұрбалар әдетте қандай күйде сынақтан өтеді?

- Олар қалың қабырғалы, кез келген орама материалы оларға төзе алмайды, сондықтан, әдетте, олардың орамасы болмайды, - деп жауап берді куәгер.– Ол тұрбалардың түрі дәл қандай екенін айта алмаймын, есімде жоқ.

Алайда, сот залында істе жинақталған суреттерді қараған куәгер бұлардың басқа тұрбалар екенін анықтады. Олардың өлшемі зертханада зерттелген тұрбаларға сай келмеді.

 

«БІРІНШІ РЕТ ЕСТІП, КӨРІП ОТЫРМЫН»

Куәгерлердің екеуі өткен аптада алдын ала тергеу кезіндегі берген жауаптарынан бас тартты.

2 маусымда куәгер ЖҰМЫРҒОЖИН дайын жауап хаттамасына оқымастан қол қойғанын мәлімдеді:

- Оқып үлгерген жоқпын – «қане, қолыңды тез қой» деп, аз уақыт береді. Маған тергеуші хаттаманы беріп: «Мәтінге тездетіп көз жүгіртіп шығыңыз да, қолыңызды қойыңыз, оның оқитын несі бар?» деді, содан соң қолымды қойдым. 

- Сіздің жауабыңызды тергеуші басып шығарды ма?– деген процеске қатысушылардың сұрағы қойылды.

- Жоқ, ол жерде бәрі дайын болатын.

- Сіз қол қойған хаттамада келісімшарттар уақыты, олардың нөмірлері, келісімшарт тараптары, сомалар... көрсетілген. Мұндай ақпаратты білетін бе едіңіз?

- Ешқашан ондай болған емес, білмедім.

- Әлбақасовты білесіз бе?

– Бірінші рет естіп тұрмын, оны білмеймін.

- Сіз мені Жеңіс бағынан көрдіңіз бе? – деп сұрады сотталушы ӘЗБЕРГЕНОВА.

- Сізді бірінші рет көріп тұрмын.

- Жауабыңызда менің атымды айтыпсыз.

- Мен фамилияларды білмеймін, үнемі учаскеде болдым...

«АТГ-құрылыс» ЖШС директоры Ерсайын БЕКЕШЕВсөзін сотталушыларға – құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВКЕ және энергетика басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВҚА алғыс білдіруден бастады. Бұл басқармалар аудандарды, атап айтқанда, Қызылқоға ауданын газдандыру бойынша тапсырыс берушілер болып табылады:

- Үлкен алғысымды білдіргім келеді, олар қолдарынан келгенше сөзімен де, кеңесімен де, ісімен де көмектесті, бірден әрекетке көшетін. Осыны ескеруді өтінемін.

Әрі қарай Бекешев Әлбақа-совпен 2012 жылы лауазымға отырған кезде танысқанын айтып өтті.

- Ол мені өзіне шақырып алып, қалай жұмыс жасау керектігін, қашан бастап, қашан аяқтау керектігін айтып, кеңестер берді. Мәжілістерде де сапа бойынша, мерзім бойынша айтатын.

- Ол мәжіліс өткізетін бе еді? – деп таң қалды прокурор.

- Өткізетін.

- Ал ол іс жүзінде кім болды?

- Мен үшін әлі күнге дейін жұмбақ, мен қаншалықты сұрастырсам да, ақыры ештеңе біле алмадым.

- Мердігерлерді тарту жөнінде нұсқаулар берді ме?

- Менің өзіме берген жоқ.

- Өз жауабыңызда сіз басқа фактілерді көрсеттіңіз.

- Солай жазылған болса, мүмкін, сондай әңгіме болған шығар. Тоғыз ай жауап алды, күніне екі мәртеден шақыртатын кездер болды, бір-біріне ұқсас сұрақтарды қоя беретін.

Алайда, кейінірек Бекешев өзі қол қойған жауаптардың бір бөлігін оқып бергенде қатты таң қалды:

- Сіз Жұмырғожинмен туыссыз ба? – деп сұрады адвокат ЖҰБАНЫШЕВА.

- Жоқ.

- Мүмкін, сізден бірге жауап алған шығар?

- Жоқ, бөлек алды.

- Ендеше сіздің және оның жауаптарының бір-біріне ұқсайтынын қалай түсіндіресіз?: «Атырау үлкен қала, халқы шамамен 350 мың адам... Парктегі кәсіпорынның билікке еш қатысы жоқ, бірақ... Қылмыстық қауымдастық... Әкімге аффилирленген... Бергей Рысқалиевтың командасы...».

- Мұны мен жазыппын ба?! Мұндайды мен алғаш рет естіп отырмын.

- Ал, бұл сіздің хаттамада қалай пайда болды?

 - Мен қайдан білейін. Тергеушіні шақыртыңыз, мұның қайдан алынғанын сұрайық.

Жұмырғожинге да осы сұрақты қойғанда, ол да:

– Мен де мұндай сөзді айтқан жоқпын, - деді.

 

«МЕН МҰНДАЙ СӨЗДІ ДЕ БІЛМЕЙМІН»

??Жұмырғожин, сондай-ақ, «аффилирленген» деген сөздің мағынасын білмейтінін, тек мемлекеттік тілде сөйлейтінін, бірақ жауап алу орыс тілінде жүргізілгенін мойындады. Адвокаттардың байқауынша, орыс тілін (сот тыңдауы осы тілде жүргізілуде) меңгеру дәрежесіне, әлеуметтік мәртебесі мен алған білімдеріне қарай бір-бірінен қатты ерекшеленетін жауап алынған куәгерлерге тән емес осы және басқа да тұжырымдамалар, сөздер алдын ала тергеу барысындағы жауап алу хаттамаларында жиі кездеседі екен. Адвокаттар бұл істің осы ерекшелігіне әлденеше рет назар аударды. Және қаржы полициясы тергеушілерінің алған жауабына ерекше үміт артып отыр. Астанадан куәгер ретінде сотқа ЭСҚКА тергеушісі Руслан АШЕНОВ келді. Одан жауап алыныпты (бұл туралы толығырақ – келесі репортажда).

Дүйсенбі күні мемлекеттік айыптаушылар сотқа алдын ала тергеу барысында өз жауаптарынан бас тартқан куәгерлер тобына қатысты жеке ұйғарым шығару туралы өтініш берді. Олар: ИЛЬЯСОВА, САРҒОЖИН, ЕРЖИКОВА, ҚУАНЫШБАЕВ, ЗИНУЛЛИНА, Жұмырғожин, Бекешев.

- Олардың қолдары қойылған хаттамалар бар болғандықтан, ҚР ҚК-нің 387-бабы және 352-бабына сәйкес, жалған жауаптар бергені үшін оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды өтінеміз, - деп мәлімдеді прокурорлар.

Адвокаттар бұл өтінішті «мезгілсіз, заңсыз, жол бергісіз» деп атап, оны «куәгерлерге айыптау тарапының ықпал етуге әрекеттенуі» деп сипаттады. Сот өтінішті қанағаттандырмау туралы қаулы шығарды.

 

«БҰЛ ЖЕР БАЗАР ЕМЕС, СОТ»

Бұл істің ерекшелігінің бірі – мемлекеттік айыптаушылар мен қорғаушылардың бір-біріне өзара төзімсіздігі байқалып тұрды. Прокурорлардың куәгерлерден жауап алуға қолданатын әдістемесіне қатысты жанжалдар сот тыңдауының басында-ақ басталған еді. Әрбір тыңдау кезінде дерлік адвокаттардың бірі прокурорлар Ақылбек ҚАРАЖАНОВ пен Тұрсынай БУРАБАЕВАҒА ескертулер мен талаптар қояды. Әсіресе, оларды «жауапты қажет етпейтін растау сұрақтарын қоюды әдет еткен және қылмыстық істегі цитаталарды өте көп қолданады» деп айыптады.

Айыптаушылар да қарап қалмайды. Өзара талаптардың көбейетіндігі сондай, судьяға дауыс көтеріп, процеске қатысушыларға «базарда емес», сот залында отырғандарын еске салуға тура келеді. Соңғы кездері белгілі бір тыныштық орнаған, алайда, осы аптада бұл процестің ең тәжірибелі адвокаттарының бірі Слинченко екі мәрте ескерту жасады. Тіпті, қолданылып отырған айыптау тактикасына қатысты хаттама шеңберіне тосын «арсыз» деген сапалық сын есімді қолданды.

- Сіздер соттағы бүкіл жауаптарды тергеу органдары мазмұндаған жауаптарға келтіргілеріңіз келеді. Сіздің әдістеріңіз: хаттаманы оқисыздар да, куәгерді сөзбе-сөз берілген жауапқа сай келтіргілеріңіз келеді. Жауапты оқып, сол бойынша жүресіздер. Бұл әдістер, біздің пікірімізше, қолайсыз. Ескерту беруден жалықтық, мемлекеттік айыптаушылар заңды айқын сақтаса екен дейміз, - деді адвокат сотқа.

Бірнеше күннен соң ол тағы да сөз алуды өтініп, былай деп мәлімдеді:

- Тергеу барысында, ең алдымен, тілге байланысты құқықтар бұзылды. Куәгерлердің көпшілігі олардан мемлекеттік тілде жауап алуды сұраған. Тергеу кемшіліксіз емес. Осы сот тергеуіне үлкен үміт артылып отыр. Біз алдын ала тергеуге баға береміз ғой. Ереже бойынша, осы іс бойынша куәгерге оған белгілі жайттарды әңгімелеп беруіне мүмкіндік беру керек. Әрі қарай заңда қарастырылған тәртіппен жауап алу керек. Олар (мемлекеттік айыптаушылар) мәтінге қарап, сұрақтарды мәтін бойынша қояды. Соттағы бүкіл алынған жауаптар  тергеу материалдарын қайталауға саяды.

Прокурорлар келіспеушілік танытып, қайтадан дау басталып кетті, оларды судья бөліп жіберді:

- Сұрақтар қайталануда, мазмұны айқын емес, олардың көпшілігі дайын жауапты білдіреді. Сот ұсынысы: айқын мазмұндалған мәністі сұрақтарды қою керек. Бұл бәріңізге қатысты.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

5 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.