Атырау, 26 қараша 20:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Миллиондар тағы да желге ұшты ма?...

3 477 просмотра

«Бейбарыс» (Әлиев-Сатыбалдиев) даңғылына отырғызылған барлық көшеттер өліп қалды. Неліктен? Мердігерлер мен қалалық ТКШ бөлімі осыған жауап іздейді.

Алғашқы болып, әдеттегідей біздің www.azh.kz. сайтының комментаторлары  дабыл қақты. Олардың айтуынша, көшеттер «Арнаулыавтобазаның» дұрыс суармауы салдарынан өлген екен. Бұл осы даңғылды көгалдыруға тырысқан биліктің екінші әрекеті, міне, тағы да жолы болмады. Алайда, ол үшін аз ақша кетіп жатқан жоқ. Мәселен, Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің екі жағындағы даңғылды алғашқы көгалдандыру қолға алынған тұста суару жүйесінің құрылысы мен көгалдандыру құны 100 миллион теңге болды. Тете-прмьер Ербол Орынбаевтың 2009 жылғы Атырауға келген іс-сапарында жергілікті шенеуніктер даңғыл бойына 10-12 мың көшет отырғызылып, оларды суару орталықтандырылған жүйе бойынша жүзеге асырылады деп әсерлі әңгімелеген еді. Нәтижелі мысал ретінде Сәтбаев даңғылы келтірілді. Орынбаев кетті, көшеттер отырғызылды. Және олардың тұзды топыраққа отырғызылғандығын біздің фототілшіміз сол кезде түсіріп  алған да еді. Көшеттердің өліп қалғандығына таң қалудың керегі жоқ, биылғы жылы көгалдандырудың екінші науқаны басталды. 16 маусымда біз осы даңғыл бойына келгенімізде, көшеттердің өлу себептерін анықтауға тырысып жатқан «МұнайҚұрылысСервис» мердігер компаниясының қызметкрелері мен қалалық ТКШ және автомобиль жолдары, жолаушылар тасымалы бөлімі бастығының орынбасары Марат МОЛДАҒАЛИЕВТІ кездестірдік.  Мердігерлердің ұсынысы бойынша, олар судың жетіспеушілігі салдарынан өлген болып шықты. Менің көзімше көшетті топырақтан суырып алғанда тамырының кеуіп қалғандығы байқалды. Шұңқырдың түбі ылғалды болып көрінді, ал, топырақ қара-буырыл. Көгалдандыру жөніндегі жобаның менедежері Аида ЖАНБАКИЕВА тамыры шіріп кеткен қара ағашты көрсетті, оның айтуынша, оларды біздің тұзды топырақ сулары өлтірген.

- Біздер көшеттерді отырғызған кезде топырақ сулары болмаған еді. Судың келуі тоқтағаннан кейін де олар кетпеген. Қаланың басқа бөліктерінде де осылай.  Біз неге бұлай болғанын анықтау үшін зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізетін боламыз, - деп ақталады көгалдандырушылар.

Көшеттерді отырғызбас бұрын сіздер топыраққа зерттеу жүргізуге тиісті емессіздер ме?! - деп ызаға булығады ТКШ бастығының орынбасары.

-Даңғылды өткен жолы  кім көгалдандырды? –деп сұрадым мен М.Молдағалиевтен.

- Мердігер сол- «МұнайҚұрылысСервис» болды.

- Неліктен ішкі суару жүйесі жер астына көмілді?

 - Мен оны айта алмаймын, өйткені, ол кезде ТКШ бөлімінде жұмыс істегенім жоқ.

Нәтижесінде көгалдандырушылар мен ТКШ өкілдері оның себептерін анықтауға уақыт сұрады. Жауабын редакцияның атынан келген ресми сауалға жауап ретінде жолдамақшы болды. Сауалды жолдадық, енді жауапты күтудеміз.

Көгалдандырушылар болса, өздерінің осы бастаған істерін ешқашан аяқсыз алдырмайтынын газетке жариялауды өтінді:

- Біз оның себептерін анықтап, одан шығатын жолды табамыз. Бәлкім, топырақты көтеру керек шығар. Біз ешқанда да қашпаймыз, көшеттерді өз есебімізден тағы да отырғызатын боламыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген  автор

23 маусым 2011, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.