Облыстық балалар кітапханасында жаз басталғанда қызу тіршілік байқалады. Кітапханашылар мектеп жанындағы жазғы лагерьлердегі балақайларды қонаққа қабылдайды. Кішкентай оқырмандарға бұл жердің есігі әрдайым да айқара ашық, әсіресе жыл сайын кітапқа деген қызығушылық азайып бара жатқан кезде.
- Егер бұрынғымен салыстырар болсақ, әрине, қазір айырмашылық орасан зор, - дейді оқу залының бас кітапханашысы Татьяна КОЗАК. – Оқырман мүлдем жоқ, балалар сабақ кезінде ғана келеді деп айтуға болмайды. Сыныптан тыс оқу үшін әдебиеттер алуға балалар каникул кездерінде де келеді. Бірақ бұрынғыдай емес. Әр оқырман үшін күресуге тура келуде.
Оқу жылы бойына кітапхана қызметкерлері түрлі акциялар, конкурстар өткізеді, мектептерге келеді. Нәтижелер де бар. Мәселен, соңғы «Досыңды алып кел» деп аталатын акциялардың бірінің септігімен тіркелген оқырмандардың санын бірден 74-ке дейін көбейткен.
Бүгінде облыстық балалар кітапханасының қоры 126 мың кітаптан асады. Қор тұрақты түрде жаңа басылымдармен толығып отырады. Кітапханашылар «Қазақ әдебиетінің кітапханасы» деп аталатын жаңа кітаптар сериясын көрсетті. Бір өкініштісі, осы байлықтың бәрі өз оқырманымен сирек қауышып жатады.
Мен келген күні кітапханаға №16 орта мектептің мектеп жанындағы лагерінен балақайлар келді. Оларға әр бөлімнің жұмысы толық сипатталған танымдық экскурсия жасалды. Олар кітапханаға қалай жазылып, қалай тұрақты оқырман болу жөнінде хабардар болды. Осы білім нәрі әрі қарай жалғасын табады деп үміттенеміз.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор