Атыраудың аптабы басталды. Қалалықтарды Жайықтың салқын суы өзіне тартқанымен, әлі күнге суға шомылу маусымы жариялана қойған жоқ. Және оның қашан жарияланатындығы да белгісіз, өйткені, жағажайлар иесіз қалды.
Жыл сайын жағажай маусымы қала әкімінің шешімімен ашылады. Алайда, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі қаладағы екі басты жағажайда қызмет көрсету үшін 6 маусымда өтеді деп жарияланған тендер кәсіпкерлердің келмеуі салдарынан болмай қалғандығы туралы хабарлады. Тендерді өткізу 22 маусымға қайта белгіленді.
Алайда шыдамсыз қалалықтар, әсіресе, балалар кез-келген жерден суға шомылып, күнге қыздырынуды бастап та кетті. Облыстық ТЖ департаментінің судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВТІҢ айтуынша, бұл аса қауіп төндіріп тұр.
- Жақында біз қалалық ІІБ-нің және қалалық әкімдіктің қызметкерлерімен бірге қала ішіндегі жабайы жағажайларды түгендеу үшін аралап шықтық. Қазір акттер дайындалуда. Бізде ондай орындар аз емес, алайда, биылғы жылы жағалау бөліктерді қайта жасақтау жұмыстарының басталуына байланысты олардың саны біраз қысқарған. Екі орталық жағажай ресми түрде әлі ашыла қойған жоқ, ал, біз өз мүмкіндіктерімізге қарай қала ішіндегі жағдайларды бақылауға алып отырамыз.
Менің қалалық кәсіпкерлердің жағажайды жалға алуға не себептен асықпай отырғандығы туралы қойылған сұрағыма Е.Қибашев былай деді:
- Мен олармен сөйлесіп көрдім, бұл жерде мәселе менталитетке келіп тірелетін секілді. Ақшаңды салған екенсің, биылғы жылы-ақ, пайда түскенін қалайды. Ал, пайданы олар бәрінен бұрын сусындар сататын «жазғы барлар» ашу есебімен көрмекші. Жалпы мен ақылы жағажайларды құптаймын. Оны мен тәжірибеден білемін, онда барынша таза және қауіпсіз болады.
Пайдаға келетін болсақ, өткен жылғы жалға алушы суға шомылуға қажетті заттарды жалға беру үшін ақы алып және био-әжетханаларға баруды кассалық чексіз жіберу арқылы пайдасыз қалғанға ұқсайды. Олардың санитарлық жағдайы туралы жақ ашпаған жөн. Е.Қибашевтің айтуынша, жалға алушыларға қойылатын талаптар қатал емес. Олардан құтқарушылар штатының болуы және жағалаудағы тазалықты сақтау ғана талап етіледі. Қибашевтің айтуынша, оның қызметі құтқарушыларды тегін оқыту және су келгеннен кейін өзен түбін сүңгуірлердің қызметін пайдалана отырып, тазартуға көмектесу болып табылады. Тұрғын үй қалашығының байырғы тұрғыны Владимир Федорович өзінің жас күнінде жағажай жұмысының мамыр айында-ақ басталатындығын есіне түсірді. Ол кездерде осы аудандағы жағажай өзінің аумағының үлкендігімен және жасыл желектерінің көп болуымен ерекшеленетін. Суға шомылғаннан кейін ағаш көлеңкесі демалуға өте ыңғайлы болатын. Енді ол жерлдердегі оталған ағаштар орынында бетонды жағалау, ал, жалаңаш жағажай иесіз жатыр.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген В. Истомин