Атырау, 18 желтоқсан 23:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ: «Әзірге айтарлықтай шығындар емес»

2 697 просмотра

Олжас ҚұдайбергеновОлжас ҚұдайбергеновЖобаны 2016 жылы іске қосқан жағдайда Қашағанның кідірісінен Қазақстанға тигізілетін шығын мөлшері 2,5 млрд долларды құрайды. Бұл туралы «АЖ»-ға берген сұхбатында экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ әңгімеледі.

- Жалпы осы тақырып бойынша көптеген цифрлар айтылды. Менің білуімше, бастапқыда 2014 жылы мұнай өндіру 8 млн тоннаны, 2015 жылы 12 млн тоннаны құрайды деп жоспарланды. Егер тоннада7,3 баррель (бір баррель 100 доллар) бар деп есептесек, жоба шығыны шамамен 2014 жылы 5,8 млрд долларды және 2015 жылы 8,8 млрд долларды құрайды. Қазақстанның үлесі шамамен 16,8% құрайтынын ескерсек, қазақстандық шығындар 2014 жылы 0,98 млрд долларды, 2015 жылы 1,48 млрд долларды құрайды. Бұл шамамен 2014 жылғы жалпы ішкі өнімнің 0,5 пайызына және 2015 жылғы жалпы ішкі өнімнің 0,8 пайызына тең. Егер бастапқы жоспарлар 8 млн тоннадан аз болса (өйткені 3 млн тонна деген цифр айтылған еді), онда әрине шығындар азырақ болады.

- Қашағандағы мұнай өндіруді тоқтатуға байланысты Ұлттық қор мен басқа резервтер мұнайдың салық түсімдерін қаншалықты кем алады?

- Валюталық ағым жоба толықтай қуаттылыққа көшкеннен кейін ғана, яғни, әрі кеткенде 4-5 жылдан кейін едәуір болады. Ал жобаның ішкі проблемалары (тұрбаның ықтимал ауыстырылуы және т.б.) бар болғаны жобаны қымбаттатады, Ұлттық банктің резервтеріне еш әсерін тигізбейді.

- Сіздің ойыңызша, ел бюджетіне құйылмаған кірістер ненің есебінен толықтырылады?

- Жалпы, шығындарды жабудың негізгі тәсілі – бұл қызмет ететін кеніштердегі мұнай өндіруді жандандыру жұмыстары. Елімізде қазір жыл сайын 82 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өндіріледі. Яғни, Қашағандағы шығындардың орнын толтыру үшін 10пайызға көп өндіру қажет. Мұның технологиялық тұрғыда қаншалықты мүмкін екенін білмеймін, бірақ қазір кеніштердің көпшілігінде тек мұнай өндірілуде және осы өндіруді көбейтуге мүмкіндік беретін шаралар өткізілмейді. Басқаша айтқанда, қызмет ететін кеніштердің есебінен мұнай өндіруді арттыру мүмкіндігі бар. Оған қоса жаңа кеніштерді тарту керек - мүлдем  жаңа учаскелерді игеру есебінен емес, жұмыс жасап тұрған кеніштерге шектесіп жатқан учаскелер есебінен.

- Осыған байланысты, сіздің пікіріңізше, келесі жылдың бюджеті қалай жабылады?

- Айтып өткенімдей, әңгіме Қазақстанның 2,5 млрд доллар шамасындағы шығыны туралы болып отыр. Маған осы кірістерге салық салу сызбасы белгісіз. Яғни, бюджетке қандай бөлігі түсу керектігін білмеймін. Бірақ тіпті осы жалпы соманың өзі бюджет үшін айтарлықтай шығын емес.

Әзірге бізге құбырларды ауыстыру салдарынан жобаның қаншалықты қымбаттайтындығы, ең бастысы кімнің есебінен тұрбаның ауыстырылатындығы белгісіз. Бұрынғы сызба бойынша бүкіл шығындардың болашақта өндірілетін мұнай есебінен өтелетіндігін жоққа шығаруға болмайды. Қашағандық миллиардтаған болжамды мұнай долларлары көз алдымызда құрып барады...

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

30 сәуір 2014, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.