Атырау, 25 қараша 04:01
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Экс-әкімнің ісі. Куәгер кім?

4 321 просмотра

Назми АЛИЕВ. Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ.Назми АЛИЕВ. Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ.Экс-әкім Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ісі бойынша куәгер ретінде «AB Group» ЖШС директорының кеңесшісі Назми АЛИЕВ ақпан айында сотта айғақ берген болатын Экс-әкімнің ісі. «Пәтерлер» блогы: Алиев және басқалар»). Сол кезде оның сотқа қатысуы көптеген сауалдар тудырып еді.

ҮШ ЖЫЛ ЖЕТКІЛІКТІ БОЛДЫ

2011 жылғы сәуір айында Назмиді №2 Атырау қалалық соты ҚР ҚК 177-бабы 3-тармағы («Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») бойынша соттап, 8 жылға бас бостандығынан айырып, жалпы режимдегі түзету колониясына жіберген болатын. Сотта Алиев емделіп жатқанын және шақыру бойынша келуге мәжбүр болғанын айтқан еді. Оған сұрақ қойып, түсінік беруді сұраған журналистердің сауалына жауап беруден бас тартқан.

Міне, біз жақында сот істері бойынша деректер қорынан жаңа мәліметтер таптық. 2013 жылы 19 сәуірде Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасының екінші қаулысы шыққан екен. Онда 2011 жылғы 20 сәуірде шығарылған үкім өзгертіліпті: жазаны 3 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыруға дейін жеңілдетіп, үкімнен бірнеше эпизодтарды алып тастапты. Жазаны өтеу мерзімі тұтқынға алынған күннен бастап есептелетіндіктен, Алиевті сот залынан бостандыққа жіберген. «Қамаққа алу түріндегі Әлиевке қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, тез арада босатылсын», - делінген қаулыда.

Осылайша, өзіне қатысты қылмыстық істі қолдан жасалған деп есептейтін Назми Алиев үшін әділдік орнады.

МАРАПАТТАН ТҮРМЕГЕ ДЕЙІН...

Алиев алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталды. Үкімде айтылғандай, «ОрсепСтрой» және «АB Group» ЖШС-тері нысан құрылысын салуға қосалқы мердігер ретінде тапсырыс алып, бастапқы сомаларын қалтаға басып, өз міндеттерін орындамаған. Сотталушыдан өздеріне тигізілген материалдық шығындарды өндіріп алу туралы азаматтық шағымдарды «Теплострой Атырау», «Ақсарай», «Жылы үй KZ», «ЭРА», «Индергаз», «ТрансКомСтройСервис», «Самур-Атырау» (Бәрі де – ЖШС) сияқты компаниялардың басшылары берген екен. Шағымдардың барлығы қанағаттандырылды.

Қағаз жүзінде Алиев «ОпенСтрой» ЖШС және «АB Group» ЖШС-нің директоры да, құрылтайшысы да болған жоқ. 2008 жылға дейін ол «Мехстройсервис» ЖШС-тің бас директоры болып (құрылтайшысы да болды) жұмыс жасады. Оның айтуынша, Атырау және Маңғыстау облыстарында 200-ге жуық нысан салған, «Құрмет» орденімен марапатталған. Ал 2008 жылы Атырауға келді.

Жоғары сотқа жазған өз шағымында айыпкер Алиев оның мүліктерін рейдерлік жолмен тартып алғаны туралы баяндайды. Рейдерлік жасады деп ол экс-әкім Бергей Рысқалиевті, оның ағасы Аманжанды және күйеу баласы Рүстем Әлбақасовты айыптады Экс әкімнің ісі: «Аманжаннан сәлем»»). Әлиевтің жазасын Б. Рысқалиевті әкімдіктен түсіргеннен кейін жеңілдетуі жәй ғана кездейсоқтық шығар.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

22 сәуір 2014, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.