EGEMEN.KZ. "Адам терісінен жасалған портмоне" - Лагерьлерде түрлі азаптаулардан, ауру-сырқаудан, аштықтан көз жұмғандардың шаштары мен терілерінен әйелдерге арналған биік өкшелі туфли, сөмкелер дайындалғаны туралы деректерді де әр жер-әр жерден көзіміз шалып қалып жүр. Сөйтсек, Ұлы Отан соғысы жылдарында адам терісінен, дәлірек айтсақ, жауынгер терісінен тігілген бұйымның бірі Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы екен.
ZHEBE.COM. «Путин: «шекараны бірлесіп қорғаймыз» дейді» - «Біз шекарамызды қорғап бер»,- дедік пе? Кейде Ресей президенті В.Путинге осындай сұрақ қойғымыз келетіні бар. Себебі, Қазақ елінің басшылары Кедендік одақты және оның «ағасы» болар Еуразиялық экономикалық одақты қанша жерден тек қана экономикалық интеграция ретінде бағаласа да Мәскеу жақтан біз күтпеген мәлімдемелер жиі естілетін болды.
TURKYSTAN.KZ. «Қазақстандағы ресей полигондары ұжымдық қауіпсіздіктің кепілі ме?» - Ресей Қазақстанның ең басты стратегиялық әріптесі, 2011 жылдан бері Ресейдің бастамасымен Кедендік одаққа мүшеміз. Солтүстіктегі көршіміздің талай жылдар үстемдік еткеніне әбден үйреніп алғанбыз ба, Қазақстан әзірге оның қандай да өтініштерін жерде қалдырған емес. Ең өкініштісі, ядролық қарудан бас тартқанымызға 25 жыл болды деп бөркімізді аспанға атқанымызбен, қазақ даласының зымырандар сынағынан әлі күнге көз ашпай келе жатқандығын біреу білсе, біреу білмейді.
«Құздан құлаған Ресей экономикасы. Оның Қазақстанға ықпалы қандай?» - Еуропа Ресейге экономикалық санкция жариялағаны аян. Кейбіреулер Ресейге енгізілген санкцияның Қазақстан экономикасына еш әсері жоқ деп жүр. Бірақ екі ел арасындағы сауда-саттық пен қаржы айналымын ескерсек, рубльдің курсы, тарифтер мен басқа да салаларға әсер етпей қоймайтыны анық. Ішкі нарықта рубльмен ғана жұмыс істейміз, доллардан бас тартамыз деген Ресей үкіметі Кедендік одақ, Еуразиялық интеграция аясын кеңейтуді жедел қолға алатыны да белгілі. Шетел валютасынан бас тартуға кіріскен Ресейдің Қазақстан экономикасына ықпалы қаншалықты болмақ?
«Путин Қазақстан территориясын кімнен қорғамақ?»- "Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестер біртіндеп дами беретін болады. Кедендік одақты кеңіту күн тәртібінде тағы да бір саты жоғары интеграциялық деңгейге көтерілу кезеңі тұр. Ол – Еуразиялық экономикалық одақы құру. Бұның барлығы біздің мемлекеттердің шекара қызметтерінің бірлесе қимылдауының жаңа талаптарын туғызып отыр", – дейді Путин.
JASQAZAQ.KZ. «В.Штыгашев Шығыс Қазақстанды Ресейге қосып алуға үндеді» - Жироновский, Лимонов, Сокуров... Осылардың ізінше, қазақ мемлекетінің біртұтастығына қауіп төндіретін пікірді Хакасия Жоғарғы Кеңесі төрағасы Владимир Штыгашев айтты. Ол: «Ресей бұрынғы КСРО-ның құрамында болған бірқатар жерлерге иелік етуге тарихи тұрғыдан құқығы бар. Бұл орайда Қазақстанның шығысындағы облыстарды айтуға болады» деп мәлімдеді.
SERKE.ORG. "Әбілязов Березовскийдің тағдырын қайталайды" - Әбілязов Березовскийдің тағдырын қайталайды» - Францияның кассациялық соты БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовты Ресейге экстрадициялау туралы шешімді тоқтатып тастады. Енді бұл шешімнің заңға сәйкестігі Лион сотында қаралады. Сот оң шешім шығарса, онда Әбілязов босатылады. Бірақ оны ағылшын түрмесі күтіп тұр.
«Антиеуразиялық форум» өткізу кімге пайдалы?» - Мұхтар Шаханов атындағы «Рух пен тіл» қлубының жетекшісі Жанболат Мамай бастаған топ сәуірдің 12-і күні Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа қарсылық ретінде жиын өткізбекші. Жиын «Антиеуразиялық форум» деп аталады. Дегенмен, бұл жиынның аты «антиеуразиялық» болғанымен, оның қорытындысы еуразияшыл (проеуразиялық) болып шыққалы тұр. Бұл Қазақстан өкіметінің мамыр айында Еуразиялық экономикалық одаққа (Ресей, Беларусь, Қазақстан) емін-еркін қол қоюының негізін қалайды. Неге?
ABAI.KZ. «Рогозин: «Ресей соғыса қалса, АҚШ-қа 6 сағатта тізе бүгеді» - Ресейдің вице-премьері Дмитрий РОГОЗИН өткен жұмада болған «Қуатты болу: Ресейдің ұлттық қауіпсіздігінің кепілі» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеп: «АҚШ біздің ядролық әлеуетімізді бірнеше сағатта жойып жібере алады» - деп АҚШ-пен болатын соғыстың Ресей үшін мейлінше қайғылы суретін сызып берді. Бұдан басқа ол Ресейге қатердің бес түрін атапты.
NAMYS.KZ. «Интернет дегенің итше үрген нәрсе ғой» - Әуелде интернет икемге келмейтіндей көрініп еді. Үйрендік. Өз икемімізге қарай ыңғайлап алдық. Қазақ интернет кеңістігін ауызын ауға білемесе де, біразын шаң қаптырарлықтай жағдайда. Бірақ…
ALASHAINASY.KZ. «Жігітеріміз жыртық джинсымен сахнаның шаңын қағып, қыздарымыз талтайып тұрып терме айтатын болды...» - 80-ші жылдардың басында қазақ эстрадасында екі-үш қана әнші болатын. Аз да болса саз, біреу де болса бірегейлер еді. Әрине ең алдымен ауызға ілігетіні Роза Рымбаева, одан кейін Нағима Есқалиева, оларға кейіннен Мақпал мен Сембек, Бақтияр Тайлақбаев қосылды. Розаның жаңа әндерін көпшілік қауым асыға күтетін. Әр әнін жазып алып, жаттап жүріп айтатын. Осы өнер көшінің ізін жалғастырып жүргендерге көңіл тола ма бүгінде? «Саңырауқұлақтар ән салып тұр» дейді теледидар қарап отырған әкем. Түсінбей қалғанымыз.