Атырау, 25 желтоқсан 19:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Термомодернизациялау құны - 200 миллиард теңге

2 556 просмотра

Облыс әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВ, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары Серікбай ҚАЗИЕВ  және ПИК Ассоциациясының төрағасы Асылбек МҮЛІКОВТІҢ қатысуымен өткізілген баспасөз конференциясында термомодернизациялау жөнінде әңгіме қозғалды.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖАҢАЛАУ

Термомодернизациялау науқаны тозығы жеткен коммуналдық жүйелерді жөндеуге және көз алдында құрып бара жатқан тұрғын үй қорын жаңалауға арналған. «Термомодернизация» түсінігінің өзі шатырды күрделі жөндеу, қабырғаларды, терезелерді жылыту және т.б. білдіреді. Ол жылу мен энергия шығынын 30 пайызға азайтуы тиіс.

Мұны да сіз бен біздің есебіміз арқылы жасайды. Сонау 90-шы жылдары әлі де жеке меншік түсінігінің дәмін жете сезіне қоймаған кезде, мемлекет «хрущевка» үйлерін жекешелендіріп жіберген болатын. Ал енді келіп өз ақшамызға оларды жөндеуді ұсынады. Естеріңізге салар болсақ, үйлерді «модернизациялауды» мемлекеттің жылдық 5 пайыздық мөлшерлеме несиесінің есебімен жасау көзделіп отыр. Оны ондаған жылдар бойына өзіміз төлеуіміз керек. Бұл - бір. Екіншіден, монополистердің инженерлік желілері өздерінің есебінен жаңалануы тиіс, ал олар содан кейін ғана тарифтер арқылы өз шығындарын өндіріп алады. Ал бұл несиеге қоса үстеме төлем. Мемлекет тек коммуналдық желілерге ғана ақша жұмсайды.

Бүгінгі күні, облыс әкімінің орынбасары Әбдіровтің мәліметтері бойынша, жылумен қамту жүйесі бойынша 53 пайыз, электрмен қамту бойынша 37 пайыз, газбен қамту бойынша 34 пайыз желілер мен құрылғылар жөнделуі тиіс. Тұрғын үй қорына келер болсақ, мұнда тіпті жағдай мүшкіл. Көппәтерлі үйдің 76 пайызы күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне мұқтаж боп отыр. «Авангардтың 2-ші ықшам ауданындағы үйлер секілді тозған бес қабатты үйлерді күреп тастап, орнына жаңа үй салған тиімді емес пе» деген «АЖ» тілшісінің сұрағына әкім орынбасары:

- Тек мамандандырылған мемлекеттік органдар апатты деп таныған үйлер ғана күрелетін болады, - деп жауап берді

Әбдіров облыс аумағындағы науқанға жұмсалатын алдағы шығындардың тізімін жариялады. Атырау облысындағы коммуналдық жүйелерді термомодернизациялауға 70 млрд. теңгеден астам жұмсалады екен. Соның ішінде 30,6 млрд. теңге республикалық бюджеттен бөлінеді. 10 жылғы реформа ішіндегі монополистердің шығындары 36,2 млрд. теңге құрайды. 24 млрд. теңге 1,7 мың км электр тарату желілерін жаңартуға жұмсалады. 1,3 мың теңге трансформаторлық 238 қосалқы стансаға; 1,8 млрд. теңге – жылу жүйелерін қайта жарақтауға; 1,9 млрд. теңге – 3 мың км газ тарату желілерін жөндеуге; 6,6 млрд. теңге – Атырау ЖЭО қазандық қондырғылары мен жылу желілерін жөндеуге жұмсалмақ.

 

ЕКІ ТӘСІЛДІ НЕСИЕ

Көп қабатты үйлерді жөндеуге берілетін несиеге келер болсақ, оны қаржыландыру механизмі екеу. Екі жағдайда да ақшалар облыстық әкімдік арқылы жүреді. Алайда бірінші механизмде «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, екіншісінде тұрғын үйлерге қызмет көрсету коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны іске қосылады. Екі жағдайда да ПИК, корпорация (немесе тұрғын үйлерге қызмет көрсету КМК) және пәтердің меншік иелері арасында тұрғын үйге жөндеу жүргізу келісім-шарты жасалатын болады. Келісім-шартта айтылған мерзім ішінде пәтер тұрғындары жөндеу жұмыстарының жалпы құнының 15 пайызын банктегі ПИК-тің арнайы есеп шотына ай сайын төлем арқылы төлеуі тиіс. Шенеуніктердің айтуынша, жұмыс ауқымы мен мердігерлерді тұрғындардың өздері белгілейді. Бірінші жағдайда бастапқы жарна жиналған кезде корпорация мердігерге жұмыстың жалпы көлемінің 85 пайызын төлейді. Ал ол бүкіл жұмыс көлемін орындайды. Содан кейін тұрғындар әлеуметтік корпорациямен есептеседі. Болашақта корпорация рөлін екінші деңгейлі банктер, халықаралық қаржы институттары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры өз мойындарына алатын болады.

Екінші механизм бойынша қаржылар республикалық бюджеттен облыс әкімдігі арқылы 7 жылға жылдық 0,1 пайызбен несие түрінде қалалық әкімдікке түседі. Қалалық әкімдік өз кезегінде мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен өкілетті мекемеге несиеге береді. Қазір бұл рөлді «Тұрғын үйлерге қызмет көрсету» КМК атқарады. Әрі қарай, тапсырыс беруші боп табылатын ПИК пен өкілетті мекеме арасында келісім-шарт жасалады. Жұмыс ауқымы өкілетті мекеме өкілдері мен тұрғындардың біріккен жалпы жиналысында анықталады. Көрсетілетін қызметті төлеу сызбасы бірінші жағдайдағыдай. Таяу болашақта қалалық әкімдік еншілесінің орнына кәсіпкерлік құрылымдар келеді деп жорамалданып отыр.

10 жылғы реформа ішінде атыраулықтар бастапқы жарна ретінде және несиелер төлемі бойынша 200 млрд. теңгеден астам ақша төлеуі тиіс. Шенеуніктердің айтуынша, оның жартысын мемлекет демеу қаржы ретінде береді: республикалық бюджеттен аз қамтылған отбасыларды атаулы қолдау түрінде 109 миллиард теңге бөлінбек.

Бүгінгі күні бірінші механизм бойынша 10 тұрғын үй белгіленген. Оған 265,0 млн. теңге жұмсалатын болады. Корпорация арқылы оның 145 млн. теңгесі несие ретінде, тұрғын үй көмегі ретінде 120 млн. теңгесі жұмсалмақ. Екінші механизм бойынша жалпы сомасы 500 млн. теңгеге жертөле желілері мен шатырларды жөндеу үшін 71 үйдің тізімі дайындалған. Тағы бір жайт: реформа басталып кеткендіктен және тұрғындар бастапқы жарнаны жинап үлгермегендіктен, биылғы жылы мемлекет үйлерді жөндеуді өзі қаржыландырады. Алайда, келесі 2012 жылдан бастап бастапқы жарналар міндетті түрде болады.

 

АТЫРАУЛЫҚТАР ҚАРЫЗАРҚАЛАҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ

Баспасөз конференциясында атыраулық-тардың белсенділігінің төмен екендігі айтылды. Бүгінде мемлекеттен күрделі жөндеу үшін ақша алуға тек 8 үйдің тұрғындары ғана келісім берген. А.Мүліковтің айтуынша, бұлар негізінен бірінші немесе ең жоғарғы қабатта тұратындар, яғни, су аққан шатырдан және ылғалды жертөледен жапа шегіп отырған тұрғындар. Жөндеу сапасына келер болсақ, Мүліковтің айтуынша, қабылдау актісіне тұрғындардың өздері қол қоятын болады.

Шенеуніктердің айтуынша, жөндеуге келісім-шарт жасау үшін үйдің 70 пайыз тұрғындарының келісімі жетіп жатыр. Қалғандарына қосылуға тура келеді, өйткені ай сайынғы жарналарды төлемегені үшін сот тәртібімен жауап беруге тура келеді. Дегенмен талап арыз мерзімі шектелмеген.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

9 маусым 2011, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.