Атырау, 26 қараша 19:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Резерват жұмысы жоғары бағаланды

3 321 просмотра

Шалыгада. Қарабас өгізшағала балапандары.

 

Мамыр айының аяғында  құрамында шетелдік сараптамашылар бар өкілді комиссия  «Ақ Жайық»  қорығында болды. 

Комиссия құрамында жаһандық экология қорының өкілі Макс КАСПЕРК (Германия), республикалық маңыздағы сараптамашы Сергей СКЛЯРЕНКОжәне жобаны жүзеге асырушы ұлттық менеджер Талғат КЕРТЕШЕВ бар. Оның мәнісі сол, тамызда «Көшіп-қонатын құстардыңмекені ретінде жаһандық  маңызды сулы-батпағы басым алқапты кешенді сақтау» жобасы өз қызметін өзгертеді. Ең бастысы - Каспий теңізі жағалауымен шектесетін Жайық алқаптарында мемлекеттік табиғат резерватын құруболған басты мақсатына қол жетті. «Ақ Жайық» МТР қызметкері Венера БЕРҚАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, комиссия 2004 жылы жасалған жұмыстарға, оның ішінде гидрологиялық, геоботаникалық және флора-фауна зерттеулеріне баға берді. Өзінің құрылғанына аз уақыт болса да резерват (үш жыл) Бонн және Рамсар халықаралық конвенцияларының қорғауына енген. Александр ИВАСЕНКО басшылық ететін ғылым және мониторинг бөлімінің жұмысы лайықты мақтауға ие болды. Бөлімнің экологиялық ағарту және туризм тұрғысындағы қызметі мұқият назарға алынды.

Қонақтар резерваттың сулы-батпақты алқаптарымен және Жайық алқаптарымен танысып, суда жүзетін және су маңындағы құстардың балапандарын қоректендіру кезеңі басталған Зюйдвестовая шалыгада болды. Резерваттың жалпы  жұмысы  «үздік» деп бағаланды.

Енді қорық ұжымы алдында жаңа міндеттер, жекелеп алғанда, Итальялық Болон университеті мамандары жүргізген «Жайық өзені сағалары» деп аталған жаңа жоба аясында халықаралық серіктестікті дамыту мәселесі тұр.  

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген А. Ивасенко

2 маусым 2011, 03:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.