Атырау, 24 желтоқсан 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Қаныңмен бөліс, ағайын!

3 572 просмотра

Бір тоннаға жуық қан өзінің тиісті мерзімінен ұзақ уақыт бойы Атырау облыстық қан орталығында карантинде сақтаулы. Дәрігерлер қан тапсырған донорларды олардың анализдерін қайта тексеру үшін қайтадан келулерін әлі тосып жүр. Тек қайта тексерілген қан ғана өз мақсаты бойынша қолданылады.  Ал, бұл уақыт аралығында әлдебір жан операция үстелінде қанға мұқтаж болып жатқан да болар...

«Халықаралық» деген мәртебесіне қарамастан донорлар күні бізде әдеттегідей жағдайда өтеді. Өкінішке қарай, қазіргі дәрігерлерге сонау кеңестік дәуірдегі қан тапсырудың кең тараған тәжірибесі туралы тек естеріне ғана алу қалып тұр. Кеңістік азаматтардың саналылығы тек гематоген және 3 күндік демалыспен ғана шектелген жоқ, қоршаған адамдардың сыйластығы өз алдына, тіпті,  құрметті донорларға медальдар да табыс етілді. Қазіргі сыйақылардың түрі шамалы ғана: бір күн демалыс және 450 мл грамм қан үшін 378 теңге. Бұрынғы тиесілі болған заңды тәттілер - кәмпиттер мен печеньяларды беру биылғы мамыр айынан бастап тоқтатылды.

Донорлар үшін міндетті болып табылатын талаптарды сақтау көптеген адамдар үшін қиын болып көрінуі мүмкін. Қан тапсырар күннің алдында кешкісін майлы, қуырылған, ащы және қақталған тағамдарды, сүт өнімдерін, майды, жұмыртқаны жемеген жөн, сондай-ақ, тапсырғанға дейін екі тәулік бойы алкогольдік сусындардан бас тартқан дұрыс. Аналгетиктерді де қабылдамау керек. Қан тапсырғаннан соң 6 ай уақыттан кейін орталыққа келіп тағы да қан тапсыруға тура келеді. Бұл жолы қан В және С гепатитіне, АҚТҚ/ЖҚТБ (ВИЧ/СПИД) тексеріледі. Егер анализдер бұл жолы дұрыс болып шықса, онда қанды және оның құрамды бөліктерін   қолдана беруге болады. Мұндай жағдайларда ерікті донорларды күту – теңізден саумал ауаның соққанын күтумен тең. Сондықтан да Орталықтың қызметкерлері аптасына үш рет донорлық күн өткізеді: түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарымен жұмыс жасайды, аудандарға шығады. Жақында олар Махамбет ауданында болды, онда донорлар 115 литр қан тапсырған. Ал, жалпы түрлі облыстық, қалалық, аудандық стационарлардың пациенттеріне жыл сайын шамамен 3800 литр қан қажет екен.

Бастапқыда айтылған тонна қан облыстың стационарларында түрлі уақыттарда емделген пациенттерінің туған-туысқандарының қан тапсыруымен жиналған. Мәселен, бір әйелді «кесір тілігі» операциясына дайындады делік, оған операция барысында қан құю қажет болуы мүмкін. Операция алдында оның туысқандары қан тапсырады. Операция сәтті аяқталғаннан кейін олардың барлығы өздерінің қан тапсырғандары туралы ұмытып та кетеді.  Ал, тапсырылған қан болса, өзінің тиісті карантинді мерзімінен (6 ай мерзім) өтіп, әлдебір жанның өмірін құтқарып қалуға пайдаға асудың орнына пайдасыз жүк болып жата береді.  

«Біздің қызметкерлеріміз тіпті, демалыс күндері донорларға қоңырау шалып, олардың қайтадан тексерілуге келулерін өтінеді. Бірақ, олардың бірде-біреуі оны елең қылып жатқан жоқ. Міне, қараңыз, менің қолымда қазір Дамбыдағы сондай 20 донордың тізімі бар. Біз қанды бір жыл бойына сақтаймыз. Нұсқама бойынша қанды екі жылға дейін сақтауға рұқсат береді, алайда, бізде оларды сақтайтын орын жетіспейді»,-деп әңгімелейді Атырау қан орталығының директоры Ғазиз СҰПЫҒАЛИЕВ.

Айта кету керек, Атырауда әлі де тұрақты донорлар бар, олардың саны-115 адам. Олар тоқсан сайын 600 мл плазма тапсырады және сол үшін 6800 теңге алады. Олардың міндетіне үнемі медициналық тексеруден өтіп тұру, яғни, қан тапсырғанға дейінгі 48 сағат ішінде АЛТ, холестерин және қандағы қант деңгейін анықтайтын анализдер тапсыруға тиісті болады.

Адамдарды донор болуға мәжбүрлеуге болмайды, бұл бүкіл әлемде ерікті негізде жүргізіледі. Кейбір елдерде азаматтық жауапкершіліктің деңгейі сол, адамдар өз отандастарына көмектесуді өздерінің борышы деп есептейді. Ал, біздің олардан қай жеріміз кем?

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

2 маусым 2011, 02:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.