1-ші маусымнан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерден құжаттарды қабылдау басталды. Биылғы жылы құжаттар 1-ші маусымнан 15-ші шілдеге дейін, ал, квота бойынша 1-ші маусымнан 29-шы шілдеге дейін қабылданады.
Қазақстан осы президенттік бағдарламаның аясында 1993 жылдан бастап жыл сайын жас қазақстандықтарды Еуропаның, АҚШ, Жапония, Қытай және басқа да елдердің жоғары оқу орындарына жіберіп отырады. Биылғы жылы бағдарламада айтарлықтай өзгерістер орын алды. Бұл туралы өткен аптада Атырауда болған бағдарлама операторының өкілі – ҚР Білім беру министрлігінің «Халықралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері мәлімдеген еді.
Ол өзгерістер жекелеп алғанда, «Орталықтың» конкурсты ұйымдастыру және құжаттарды қабылдау бөлімінің менеджері Анар КУПЕЕВАНЫҢ айтуынша, егер шет тілі бойынша өту баллы – 7 балл болса, енді мемлекеттік қызметкерлерге 3 балл (мектеп бағдарламасы деңгейінде) жинаса болғаны. Ал, мемлекеттік қызметкерге (еңбек өтілі 3 жылдан кем емес) стипендиант тағайындалғаннан кейін негізгі мамандығы бойынша білімін жалғастыратын елде тіл курстарында бір жыл оқуға құқылы. Алайда, олар үшін мамандық таңдау мемлекеттік басқару және халықаралық қарым-қатынастар саласы бойынша шектеулі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін бағдарламалар бойынша жұмыс жасайтын педагогикалық қызметкерлер үшін квота тағайындалды. Осы квотаның аясында стипендианттар білім беру басқармалары, әлеуметтік жұмыстар, педагогика және психология, музыка өнері, биология, информатика, математика және басқа да салалар бойынша оқуды таңдауларына болады А.Купееваның айтуынша, стипендиаттар елдерді және жоғары оқу орындарын бірнеше нұсқа бойынша таңдай алады.
Бағдарламаға енгізілген басқа да жаңалықтардан:биылғы жылы селодан шыққандарға квоталар жоқ және өткен жылдардағыдай стипендианттардың жастарына қарай шектеу қойылмаған. Ал, басты жаңалық сол, енді «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавриат бойынша дайындалмайды. Мемлекет енді тек магистрлар мен PhD докторларын дайындауды ғана көздеп отыр.
Бакалаврларды дайындауды алып тастаудың бірнеше себептері аталған. Ресми емес ақпарат көздері мұны оқуды бітірген соң Отанына қайтуға асықпайтын жас қазақстандықтардың моральдық «тұрақсыздығымен» байланыстырады. Өткен жылы елге қайтып келмегендердің саны 50 болды. Әлі күнге олардың қайда жұмыс жасап, қайда тұрып жатқандығы белгісіз. Ресми ақпатарқа жүгінсек, бакалавриат бағдарламасы бойынша енді Назарбаев университеті дайындайтын болады. Ал, шетелде мемлекет үшін басым болып табылатын жеке бір салалық маман-кадрлар ғана оқытылатын болады: индустриальды-инновациялық даму, мемлекеттік басқару, білім және ғылым, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту. Биылғы жылы «Болашақ» тізімінде 77 мамандық және 128 ғылыми тәжірибен өту бағыттары көрсетілген.
Мен орталық өкілінен болашақ стипендианттар қайда жолығулары керек деп сұрадым?
-Қажетті құжаттар, квота және конкурстық талаптармен біздің www.edu-cip.kz сайтынан таныса алады. Ал, құжаттарды аяқтай мына мекен-жайға: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 18 үйге әкелуге болады. Құжаттар пошта арқылы қабылданбайды.
«Болашақ» мамандарының жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып қалып отыр. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» бұрын «Орталықпен», жұмыс беруші және мемлекеттік органдармен арада «жұмысшы үшбұрышын» құру арқылы бұл мәселені шешуге болатындығын мәлімдеген еді. Оның мәнісі мынада: стипендиант оқып жүрген кезінде-ақ халықаралық бағдарламалар орталығына тапсырыс беріп қояды және оқуын бітіре салысымен жұмысқа кірісе кетеді. Тағы бір нұсқа- жұмыс беруші-компания стипендиантпен байланысын үзбейді, ол жерде тәжірибеден өтеді, ал, оқуын аяқтаған соң кол компанияға жұмысқа орналасады. Атыраулық «болашақтықтарға» келетін болсақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша 2010 жылғы 32 түлектің бүгінгі күні тек үшеуі ғана жұмысқа орналастырылған.
-Біздің жастардың басым бөлігі жақсы жұмыстарға орналасты, барлығы бірдей ірі мұнай компанияларында жасайды,-дейді басқарма бастығының орынбасары Гүлмира ШАКИРОВА. –Төртеуі оқуларын магистратурада жалғастыруда. Үш түлекке біз мемлекеттік қызметті ұсындық. Олар ойланамыз деп жауап берді.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА