Атырау, 26 сәуір 22:09
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Ұятақай» суреттер

24 601 просмотра

Ата-аналар мектепке дейінгі балаларға арналған оқу орталығында жалаңаштанған адамдардың суреттері салынған кітап бар екендігін анықтады.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ЖАНЖАЛ

Алдымен Фейсбукте, содан кейін республикалық телеарнада француз авторы Виржини ДЮМОННЫҢ (психолог, психотерапевт, балалық шақ және есею мәселелері жөніндегі маман) Questions d`amour 5/8 ans деген («5-8 жасар балаларға арналған махаббат мәселелері» деп аударуға болады) кішкентай қалта кітапшасы жанжал туғызған еді. Ресейлік баспа «Сексуальная энциклопедия для детей 5-7 лет» деген айдармен «Откуда я взялся?» деген атауды жөн көріпті. Автор өз атынан жас оқырманға үн қосып, «қиын» балалар сұрағын өзі қойып, оған ата-аналар үшін қолайсыз терминдерден қашпай, заттарды өз атымен: «вульва», «пенис», «сперма» және т.б. деп атап, өзі жауап берген. Әлеуметтік желілерді «махаббатпен айналысу» сөзін түсіндіретін «Как взрослые любят друг друга» және «Откуда я вылезал, когда рождался» деген екі тарау қатты наразы қылыпты. Атауларының өздері-ақ айтып тұр. Ал көрнекі суреттері... Бірден анайы анекдот еске түсе кетеді. Байқап үлгергенімдей, әрбір босанған әйел осы көрнекі суреттерді көрген кезде: «Неліктен ол тыр жалаңаш?» деп сұрары сөзсіз. Шынымен де, неліктен?

 

«ТЕК АТА-АНАЛАРҒА БЕРДІК»

FasTracKids ерте даму орталығы ретінде танымал халықаралық балалар академиясы Атырауда көпшілікке жақсы таныс, оған заман ағымынан қалмайтын жас ананың көбі сәбиін алып барады. Орталық жас талғамайды – ол жерде 8 айдан бастап «оқытады». Тарифтік жүйе - «ползунки» киетін жаста айына 4 сағаттық сабақ үшін 10 мың теңгеден бастап, бес-алты жасарларды мектепке дейін дайындау үшін 45 мың теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Үйреншікті балабақшалардан принципті айырмашылығы: балаларды тамақтандырмайды және ұйықтатпайды, бұл қажет те емес, өйткені балалар балабақшада күніне төрт сағаттан артық болмайды.

Орталық түрлі оқыту әдістеме-лерін қолданады, соның ішінде ресейлік «Бэби-клуб» әдістемесінің франшизасы да бар. Академия өкілдерінің айтуынша, осы франчайзер оларды қолайсыз жағдайда қалдырған екен. Оның ұсынысы бойынша «кітап айналымы», басқаша сөзбен айтқанда қажетті әдебиеттер кітапханасы жинақталады екен. Орталық басшысы Роза ҚАЙРАНОВА телефон арқылы бүгінгі күні кітаптың «кітап айналымынан» алынып тасталғанын, оның енді өзінің жеке кабинетінде жатқанын, оның кілті тек өзінде екенін хабарлады. Орталық осы жауаппен бас сауғалап, әрі қарай комментарий алу үшін мені Мәскеуге сілтеді. «Бэби-клуб» басқарушы компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры Валентина МЕДВЕДЕВА телефон арқылы былай деді:

Екі апта бұрын әлеуметтік желілерде FasTracKids дамыту орталығына келушілерден Атыраудағы мектепке дейінгі бүлдіршіндерге жыныстық қатынас тәрбиесі жөніндегі оқулық ретінде «Откуда я взялся?» кітабын пайдалану туралы хабарлама пайда болды. Бұл хабарлама Атырау тұрғындарының наразылығын тудырды. Кейбір ақапараттық агенттіктер әлеуметтік желілердегі ақпараттардың дұрыстығын тексерместен, жаңалықтар ретінде пайдаланды. Бұл кітап біздің клубта ата-аналарға арналған, оны әкімші ата-аналарға олардың өтініші бойынша «Книговорот» деген ата-аналарға арналған арнайы бұрыштан алып береді. Бұл кітап ата-аналарға өз сәбилерінің қитұрқы сұрақтарына жауап беруге көмектесе алады. Біздің орталықта бұл кітап бойынша ешкім сабақ бермейді. FasTracKids және «Бэби-клуб» бағдарламасында балаларды қоршаған әлеммен: өсімдіктермен, жануарлармен, материалдармен, құрал-саймандармен таныстырады. Бұл бағдарлама бойынша жыныстық қатынас тәрбиесі қарастырылмайды. Осы тұрғыда біздің көзқарасымыз мынадай: ата-аналар балаларына олардың дүниеге келгендігі туралы қалай және қашан айтатындығын, жалпы айта ма, оны өздері шешуі тиіс. Аталмыш материалдарда кітаптарды пайдалану туралы ақпарат дұрыс берілмеген. Журналистер сенсация туғызу үшін тексерілмеген, бұрмаланған ақпараттарды қолданған.    

 

ҰЛТТЫҚ СЕКСТІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Ресейліктердің пікірлері бойынша, кітап Қазақстанда сертификаттауға жатпайды, өйткені оқу құралы боп табылмайды екен. Мазмұны мен көрнекі суреттердің «порнографиялығы» туралы айтуға асығудың қажеті жоқ шығар. Бірақ аталмыш тақырыпқа бірнеше кітаптар шығарған авторға құрметпен қарасақ та, кітапхана жинақтаушыларға француз үшін жақсы нәрсенің қазақ үшін әдептілікті қажет ететінін ескерген жөн болар еді. Еуропада баяғыда шешілген балаларға қатысты сексуалдық оқу-ағарту мәселесі бізде ділдік және салт-дәстүр тұрғысында әлі де «шамшыл» мәртебеге ие. Тіпті бүкіл қыркүйек бойына «эротика» мен «порнография» түсініктерінің айқынсыздығы мәселелерін талқылаған парламенттің төменгі палатасының депутаттарын алаңдатқан қолданыстағы заңнамада әлі де біркелкілік жоқ. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының соңғы отырыстарының бірінде халық қалаулылары «эротикалық сипаттағы ақпарат» деген анықтамаға тоқтады: бұл адамдардың сексуалдық қарым-қатынасын, адам денесінің интимдік бөліктерін көрсететін және порнография элементтері жоқ ақпарат. 

Егер бұл редакция бекітілетін болса, онда Виржини Дюмонның өніміне Қазақстанда жол ашылады және «кітап айналымына» ҚР ҚК бойынша эротикалық әдебиеттерді таратқаны үшін жауап беруге тура келеді. Сол кезде кітап тек ата-аналардың өтінішімен ғана беріледі деп желеурете алмайтын болады. Фейсбуктегі пост авторы бұл кітапты балалардың сабақ оқитын бөлмесіндегі үстелден кездейсоқ қолына алып қарағанын анық жазған.

 

КСРО-ДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕР

Осы материалды дайындау барысында біршама арнайы әдебиеттермен таныстым. Бұл менің салтшылдығымды білдіретін -біздің отбасымыз ескіше «ағартуды» ұстанады. Тіпті атүсті жасалған мониторингтің өзі «сол туралы» санатта жазылған француз кітапшасы ең дау тудыратындай нұсқа емес екендігін анықтады. Осыған ұқсас «Откуда я взялся?» (энциклопедия емес) деген атауы бар Питер Мэйлдің «Were did I come?» кітабының желісімен жазылған беларусь баспасының шығармасы орыс ғаламторында хитқа айналғаны күмәнсіз. Оның қасында француздық нұсқа «далада ойнап қалады».

…Осы суреттердің түрінен шошынуға мені кеңестік дәуірде дүниеге келген «ішкі сәби» түйсігім мәжбүр етіп отырғанына күмәнім бар. Шындығына көшсек, көпшілікке танымал осы анекдот секс жоқ деген Одақ кезінде пайда болмап па еді:

Вова мен қарындасы екеуі әжесінен:

- Әже, балалардың қайдан пайда болатынын білесіз бе?

Әрине, оларды ләйлек алып келеді ғой.

Вовка қарындасына қарап:

Не істейміз, айтамыз ба? Әйтпесе, осы ақымақ күйінде өледі ғой!

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.