Атырау, 9 сәуір 0423
 ашықВ Атырау +12
$ 518.57
€ 566.59
₽ 6.05

Мерке ауданында он бала ауруханаға түсті

122 просмотра
Сурет: freepik.com

Меркі ауданы «Нұрай» бөбекжай бақшасында орын алған жағдай туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

17 наурызда Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі «Нұрай» бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі келіп түскен.

Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирусты инфекция диагнозымен тіркелген.

1 жасөспірім жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты (оң нәтижелер байқалуда).

Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, орын алған жағдай зерделенуде. Аурудың неден шыққаны анықталуда.

Қәзіргі таңда ауруханада қосымша төсек орны қажетілікке байланысты дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

Бүгінгі күнге Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен тексеру жұмыстары басталып, барлық сынамалар алынған, қорытындысы күтілуде.

Аталған бөбекжай жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке тоқтатылып, ата аналарға ескертілді. Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.

18 наурыз, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16