Атырау, 27 сәуір 1346
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

ІІМ шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапқа тартылатынын ескертті

354 просмотра

Павел Климов/Reuters

Қазақстанның ішкі істер министрлігі шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқан азаматтардың заң алдында жауапқа тартылатынын ескертті. Министрлік Қылмыстық кодекстің "Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу" (172-бап) және "Жалдамалылық" (170-бап) баптарын еске салып, бұл әрекеттер үшін тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына түрмеге жабу жазасы қарастырылғанын мәлімдеді.

Бұл ескерту украиналық блогер Владимир Золкиннің Украинадағы соғыс барысында тұтқындалған, өздерін "қазақпыз" деп атаған үш жас жігітпен сұхбатының видеосы жарияланғаннан кейін жасалды. Сұхбатта екі адам Қазақстан азаматымыз деп, ал үшіншісі Ресейдің Қазақстанмен шектесетін облысының тумасымын деп таныстырған. Олардың аты-жөні жарияланбады.

Желіде жарияланған видеода қазақстандықтардың бірі Ресей азаматтығын алу үшін әскери келісімшартқа қол қойғанын, бірақ оған төлқұжат берілмегенін айтты. Ол Луганск облысында тұтқынға түскен. Екінші жігіт Донецк облысындағы шайқас кезінде қолға түскенін мәлімдеді.

Украинаның "Өмір сүргім келеді" жобасы Ресей жағында соғысқан 661 қазақстандықтың тізімін жариялаған. Жоба деректері бойынша, олардың 78-і қаза тапқан. Қазақстан заңдары бойынша шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу заңсыз әрекет болып саналады.

8 сәуір, 19:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.