Атырау, 27 сәуір 11:19
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Геосаяси ахуалға байланысты Каспий құбыр консорциумы бұғатталуы мүмкін бе

626 просмотра

Украина армиясының ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына қарулы соққысы Каспий құбыр консорциумының бұғатталуына алып келмей ме? Бұл сауалға Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат. 

Айта кетерлігі, Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнай сыртқы нарыққа жеткізіледі. 

«Халықаралық тұтынушылар, оның ішінде еуропалықтар да аталған құбырдың тұрақты жұмыс істегендігіне мүдделі екені түсінікті. Біз еуропалық мемлекеттердің Елшіліктерімен, Ресей Федерациясындағы әріптестерімізбен Каспий құбыр консроциумының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін байланысып отырмыз. Дипломатиялық арналар арқылы мұндай кеңестер Украина тарапымен де жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
26 наурыз, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.