Атырау, 27 сәуір 12:36
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тәжіктерге бойкот: Ресейде жолаушылар таксиден жаппай бас тартуда

265 просмотра
freepik.com

Ресей халқы такси жүргізетін тәжік ұлтының өкілдеріне бойкот жариялаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Егер тәжік болсаң, мен сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт, немесе полиция шақырамын", – деп жазған клиенттердің бірі. 

Ал жазылушылардың бірі "Крокустағы" қырғынды ұйымдастырғандардың да мақсаты осы екенін айтты. Сөзінше, бұл жағдайдан кейін ұлтаралық қарым-қатынас ушығып кеткен. 

Еске салайық, бұған дейін Мәскеудегі “Крокус сити холлдағы” терракт салдарынан 152 адамның көз жұмғанын хабарлаған едік. Қанды қырғын 22 наурызда болған еді. Лаңкестер ғимаратта 18 минут болған.

26 наурыз, 08:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.