Атырау, 27 сәуір 10:34
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Мәскеудегі шабуылдан кейін: Франция лаңкестік қаупін ең жоғары деңгейге көтерді

201 просмотра
Фото: freepik.com

Франция билігі елдегі террористік қауіп-қатер деңгейін Мәскеу маңындағы «Крокус Сити холлдағы» шабуылға байланысты ең жоғары деңгейге көтерді. Бұл туралы Франция премьер-министрі Габриэль Атталь мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мәскеудегі лаңкестік шабуылдан кейін Франция президенті Елисей сарайында Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. ИГИЛ ұйымы жауапкершілікті өз мойнына алуына байланысты, шабуыл үшін және біздің елге төніп тұрған қауіптермен біз Vigipirate (терроризмге қарсы жоспары) деңгейін ең жоғары деңгейге көтеру туралы шешім қабылдадық: «шұғыл шабуыл қаупі», - деп жазды премьер-министр X (бұрынғы Twitter) желісінде.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 140 адам қаза тапты, оның ішінде атыстан кейін болған қатты өрттің түтінінен уланғандар да бар.

Мәскеудегі «Крокус Сити Холлда» болған қанды шабуылға байланысты төрт күдікті екі айға қамауға алынды, оларға ұйымдасқан топтың құрамында шабуыл жасады деген айып тағылды.

26 наурыз, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.