Атырау, 27 сәуір 11:45
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық өзендерде су есептейтін қондырғы орнатады

318 просмотра
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан мен Өзбекстан қос мемлекет тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін су есептейтін қондырғыларды орнату жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, бұл ретте Қазақстан Өзбекстан аумағында су есептейтін құрал орнатса, өзбек тарапы біздің елде өз қондырғыларын қояды. Сондай-ақ тараптар өзара онлайн-режимде ақпарат алмасатын болады. 

Қазақстан Өзбекстанның аумағында жиналған деректерге, ал өзбек жағы біздің елдегі деректерге қол жеткізе алады.

Бұл уағдаластық бірінші кезекте географиялық тұрғыдан өзендердің бастауынан тыс жатқан біздің еліміздің мүддесі үшін өте маңызды.

Қазір қос мемлекеттің сарапшылары су есептейтін қондырғылар орнатылатын орындарды келісіп жатыр. Сондай-ақ жобаға халықаралық ұйымдарды да тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

«Су есептейтін құралдарды орнату екі ел тұтынатын су көлемін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Сәуір айында біз басқа да көршілес мемлекеттермен осындай жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізуді бастауға ниеттіміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

19 наурыз, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.