Атырау, 27 сәуір 10:49
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Құлпытас ұрлаушы: полиция Құлсарыдағы вандалды іздестіріп жатыр

1 257 просмотра

Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы көне зираттың құлпытастарын қиратып, тонап жатқаны жөнінде «АЖ» бұрын жазған болатын. Құлпытастарды ұрлау әлі де тоқтамай тұр.   

- Зираттағы вандализмді естіп, анам жатқан бейітке барғанмын, құлпытасына тимепті. Ал оның артқы жағындағы зираттардың кірпішін түсіріп, құлпытасын алып кеткен. Тас-талқаны шығып, құлпытас орны үңірейіп тұр. Әруақтардың қорымын қорлап жүргендерге тыйым болар ма екен, - дейді жергілікті тұрғын Әділхан ЖАРКЕНОВ.  

- 14 наурыз күні інім "Күмбезді" зиратындағы әкем басына барғанда кірпіштердің құлап жатқанын айтып келді. Үш күннен кейін, яғни 17 наурызда өзім барып көрдім. Расында кірпіштерін түсіріп, алюминийден жасалған құлпытасын алып кетпекші болыпты, - дейді Құлсары қаласының тұрғыны Талғат ДҮЙСЕНБЕТОВ

Бұдан кейін де "АЖ" поштасына бірнеше адам хабарласып, қорымдарды бүлдіріп жатқандарды құрықтап, алдағы уақытта шырақшы қойып, видеокамера қою қажеттігін айтты. Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: 6 наурыз күні Facebook әлеуметтік желісіне “Киелі Атамекен” парақшасында Құлсары қаласындағы “Күмбезді” қауымында зираттардың алюминий материалынан жасалған құлпытастардың жоқ екені туралы жарияланған. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 314-бабы 1-бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде "Күмбезді" қауымындағы зираттардың алюминий материалынан жасалған құлпытастардың жоқ екені және оларды белгісіз біреудің бүлдіргені анықталды. Қазіргі таңда күдіктіні анықтау мақсатында тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 наурыз, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.