Атырау, 27 сәуір 10:43
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Екі гараж бен көлік өртенді

934 просмотра

15 наурызда сағат 13:22-де Атырау қаласы, Бесікті ауылында тұрғын үйдің ауласындағы гараждан түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жедел жеткенде жалпы ауданы 120 шаршы метр болатын бірігіп салынған 2 гараждың жанғанын анықтады. Буреуінде тұрған «Toyota» маркалы автокөлігі де өртенді.

Өрт сағат 14.28-де жойылды. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің он қызметкері мен 2 бірлік техника жұмылдрылды. Өрттің себебі мен келген зиян анықталып жатыр.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 наурыз, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.