Атырау, 27 сәуір 12:09
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Автобуста оқ атқандар 4 жылға бас бостандығынан айырылды

928 просмотра

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында атыс қаруын және денсаулыққа зиян келтіретін басқа заттарды қолдану арқылы бұзақылық жасағандары үшін айыпталған Л. және А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 293-бабының 3-бөлігі) деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

2023 жылғы 20 қарашада Жаңа Қаратон поселкесінде сотталушылар А. және Л. темір арматура және травматикалық тапаншамен қаруланып, тоқтап тұрған «Т» ЖШС-нің қызметтік автобусына кірген және бұзақылық ниетпен жолаушы С.-ны ұрып, оған қарай травматикалық тапаншадан екі рет оқ атқан. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілді.

Прокурор сотталушыларға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар өз кінәсын толық мойындады.

ҚК-тің 293-бабының 3-бөлігінің санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сотпен жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың өз кінәсын мойындап, шын жүректен өкінгені, бұрын сотталмағандары ескерілді. Іс бойынша жазаны ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.

Сот үкімімен сотталушылар ҚК-тің 293-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, жұмысшыларды Теңізден Құлсарыға апара жатқан автобустағы атыс оқиғасы 2023 жылдың қарашасында белгілі болған еді.

Дайындаған  Жомарт ӘМІРХАНОВ

15 наурыз, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.