Атырау, 6 мамыр 16:37
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Балықшыларды іздеу жұмысы тоқтатылды

629 просмотра

16 күн іздегеннен кейін Жұмыскер-1 ауылының тұрғыны хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер қатарына енгізілді. 

Естеріңізге сала кетсек, 27 қаңтарда 1998 жылы туған азамат балық аулауға кетіп, үйіне қайта оралмады. Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы су астынан іздестіру жұмыстарын жүргізгенмен еш нәтиже бермеді. Бүгінде ТЖД іздеу жұмысын тоқтатты. Енді ол хабар-ошарсыз кеткендер санатына енгізілді. 

Индер ауданы Елтай ауылының 48 жасар азаматы 2023 жылдың 6 қарашасында балық аулауға шығып кетіп оралмаған болатын. Ол да сол тізімге енді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 ақпан, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.