Атырау, 25 қараша 16:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Патшалар мен Тәңірлер үшін» басшылық жауап береді

2 713 просмотра

Брифингте облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, бүгін, 5 ақпанда Атырауға ішкі істер министрінің орынбасары Амантай КҮРЕҢБЕКОВ келді. Ол шұғыл кеңес өткізіп, соның барысында Құлсары қаласында екі офицердің 33 жастағы әйелді жәбірлеп зорлау фактісі талқыланды.

Жылыой АІІБ бастығы Серік ЕРБӨЛЕКОВ қызметінен босатылды. Оның орынбасарлары мен бөлім басшыларының қызметтік лауазымдарына лайықтылығы туралы мәселе қойылды.

Естеріңізге салсақ, Құлсары қаласында уақытша тұрып жатқан Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын 27 қаңтарда полициясының тірек пунктінің ішінде учаскелік инспектордың екі көмекшісі мен аудандық ТЖ бөлімінің қызметкері зорлаған еді («Форма киген зорлықшылар» жарияланымын қараңыздар). Сонымен қатар, ол осыған дейін 25 қаңтарда АІІБ-не белгісіз ер адамның зорлағандығы туралы шағым түсірген.

Қамауға алынған үшеуге қатысты ҚР ҚК 120-бабы («Зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу ісін облыстық арнайы прокуратура жүргізуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 ақпан 2013, 20:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.