Атырау, 27 сәуір 00:05
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бір абзацпен

2 881 просмотра

27 ақпанда Құлсары қаласынан 30 шақырым жерде күртік қар астында екі жеңіл автокөлік қалып қойған. Көлік ішінде бес адам болған. ТЖ жөніндегі департамент қызметкерлері көп кешікпей құтқару операциясына кірісіп, қар құрсауынан көліктерді жолаушыларымен бірге аман алып шыққан. Зардап шегушілер жоқ.

 

Облыстық статистика басқарамасының мәліметтері бойынша, Атырау облысындағы ақпан айындағы инфляция 1,4% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы ақпанда 2,3% өсті, азық-түлік емес тауарлар-0,1%, ақылы қызметтер-1,6% жетті. Осыған сәйкесті қант бағасы (10%), шикі сүт (9,3%), жұмыртқа (6,9%), ет пен құс еті (5,9%), көкөніс (4,3%), сәбіз бағасы (9,5%) көтеріліп кетті. Байланыс қызметінің құны 9,6% өсті.  

 

4 наурызда жұма күні таңда Мир даңғылының бойында жеке үйлердің бірінің тұрғындары иісті газдан уланып, ауруханаға бес адам жеткізілген. Оның ішінде екі кішкентай бүлдіршін де бар.

 

Облыстық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Асхат Бисенғалиевтің айтуынша, жыл басынан бері қаңғыбас иттер 82 адамды қауып алған. Бағына қарай, олардың ішінде құтырған ауруға шалдыққандар болған жоқ. Жапа шегушілердің барлығына дер кезінде көмек көрсетілген.

9 наурыз 2011, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.