Атырау, 19 мамыр 00:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда жаңа жылдық отшашу болмайды

4 305 просмотра

1 қаңтарға қараған түні Атырауда жаңа жылдық мерекелік отшашу болмайды. Басқа да дәстүрлі жалпықалалық іс-шаралар, атап айтқанда, «Жыл адамы» байқауы ұйымдастырылмайтын болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа жыл қарсаңындағы барлық мерекелік іс-шараны тоқтату тек жақында Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж.Жұмағалиевтің шығарған қаулысымен ғана байланысты емес. Бұған дейін «АЖ» хабарлағандай, биыл Атыраудың жаңа жылдық безендірілуіне үнемдеу мақсатында бюджеттен ақша бөлінбейді. Еске сала кетсек, жаңа жылды қарсы алуға 2019 жылы қалаға 61 млн теңге, 2020 жылы - 18 млн теңге жұмсалды.

Айнұр САПАРОВА

23 желтоқсан 2020, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.