Атырау, 6 мамыр 14:37
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Алматыда алты адам тоқтап қалған лифтіде тұншыға жаздады

2 419 просмотра

Алматыда "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінде 22-қабатта лифт тоқтап қалды. Ішінде болған үш ересек адам мен үш бала тұншыға жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖД Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Оқиға 16 қазанда болған. Сағат 18.52-де алматылық әйел 112-ге қоңырау шалып, "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің 22-қабатында лифтінің ішінде қалып қойғанын хабарлайды. Олар алты адам болған: үш ересек, үш бала. Қоңырау шалған әйел балаларға ауа жетпей, тұншығып жатқанын айтқан. Қоңырауды шұғыл кезекшінің көмекшісі, азаматтық қорғаныс сержанты Гүлдана Мінтаева қабылдаған.

"Қоңырау қабылданды, лифтіге қызмет көрсететін қызметкер тез табылды. 10 минуттан кейін адамдар лифтіден шығарылды. ПИК басшылығына хабарласып, абайсыз болғаны ескертілді", - деді ТЖД қызметкерлері.

Төтенше жағдай департаментіндегілердің айтуынша, тәулігіне 112 нөміріне 1500-2500 қоңырау түседі.

19 қазан 2020, 08:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.