Атырау, 19 мамыр 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

6 мамырдағы Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы

510 просмотра

Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстары жалғастырылуда. ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары  жалғастырылуда. Өткен тәулікте 184 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында Торғай өзені су деңгейінің біртіндеп көтерілуіне байланысты  ұзындығы 2,5 км бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. 30 мыңнан астам қапшық пен 19 мыңнан астам инертті материал төселді. Су деңгейіне сағат сайын мониоринг жүргізілуде. Жағдай ерекше бақылауда.

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 48 945 адам өз үйлеріне оралды.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 445  адам, 1 284 техника, 329 су сору құралы және 66 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

6 мамыр, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.