Атырау, 2 мамыр 20:38
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Күйіктің иісін астрахандық көршілер де сезген

3 041 просмотра

РФ Астрахан облысының тұрғындары соңғы кездері күйіктің иісі сезілетінін айтып шағымдануда. Ресейдің ТЖМ Астрахан облысы бойынша бас басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл иіс Каспий теңізінің жағалауындағы өртпен байланысты.

- Тек соңғы тәуліктерде Астрахан облысы  шұғыл қызметінің бірыңғай 112 нөміріне күйік иісіне қатысты 87 шағым түсті. Ғарыштық мониторинг мәліметіне сәйкес, Қазақстан аумағындағы Каспий жағалауында қамыс өртеніп жатыр. Жалпы жану аумағы – 327 га. Атырау облыстық ТЖД-мен ашық аумақта өртті сөндіруге қатысты ақпараттық өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, - деп хабарлайды астрахандық ТЖ қызметкерлері. – 6 қыркүйектегі ахуал бойынша 284 га аумақтағы өрт сөндірілді. Қалған өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда. 11 қыркүйекке дейін болжанған шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соқса, күйік иісі Астраханда, Володар, Краснояр және Приволжье аудандарында түнгі және таңғы уақыттарда қатты сезілуі мүмкін.

Естеріңізге салсақ, 10 күннен астам уақыттан бері Атыраудан 30 шақырым жердегі Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр. Ал өрттің таралу деңгейі туралы ресми мәліметтер аэроғарыш түсірілімдерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Шымкенттен келген арнайы тікұшақ өрт ошағының әрқайсысына 3 тоннадан 10 рет су шашты.

Фархат ӘБІЛОВ

8 қыркүйек 2020, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.