Атырау, 2 мамыр 23:12
 ашықВ Атырау +19
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

ИВЛ-аппаратын сатып алу: жемқорлыққа қарсы қызмет аудит қорытындысын күтіп отыр

3 106 просмотра

Шілденің соңында прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімдігінің ИВЛ-аппаратын сатып алуына қатысты мән-жайды тексеру жұмыстарын бастады. Бір айдан астам уақыт өтті, бірақ тергеу әлі аяқталған жоқ.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын мәжіліс депутаты Азат ПЕРУАШЕВ Денсаулық сақтау министрлігі Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасынан Оралдан жасанды желдету аппаратын сатып алудан бас тартып, Түркиядан сатып алуды талап етіп отырғанын мәлімдеген болатын. Кейінірек Денсаулық сақтау министрлігі бұл аппараттарды сатып алуға ешқандай қатысы жоқ екенін, мұның облыстық деңгейдегі мәселе екенін хабарлады. Содан кейін бұл - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ бұйрығы екені белгілі болды. Өз кезегінде облыс әкімдігі баспасөз хабарламасын таратты. Хабарламада бұл бюджет қаражатын үнемдеуге қатысты мәселе екені айтылған. Осыдан кейін Перуашев Атыраудағы ИВЛ аппараттарын сатып алуға қатысты жағдайды анықтауды сұрап, ҚР премьер-министрі Асқар МӘМИНГЕ депутаттық сауал жолдады.

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен тергеу барысы туралы сұрадық.

- Біз құжаттарды Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолдадық. Олар бізге қорытынды беруі керек, содан кейін қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па, соны шешеміз. Менің білуімше, аудиторлардың жұмысы көп, сондықтан үлгермей жатыр. Біз де күтіп отырмыз, - деп жауап берді Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос МАМЫТ.

Фархат ӘБІЛОВ

8 қыркүйек 2020, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.