Атырау, 29 наурыз 20:47
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бәрінің де өтеуі бар

3 270 просмотра

50 миллион және 100 миллион АҚШ доллары – Атырау облысының бюджетінен қаржы ұрлау және мемлекет мүлігін заңсыз иемдену фактілері бойынша қозғалған істердегі ықтимал тұлғалардың шекара асып бой тасалаған немесе республика аумағында жасырынып жүргендерден айырмашылығы - әрі қарай қылмыстық қудалаудан осындай сомада өтеуін беріп құтылыпты.

ЖАУАП ЖОҚ, АЛ ОЛАР ЖЫРАҚТА ЖҮР

Естеріңізге салсақ, біз сауалымызға ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінің ресми жауабын алғаннан кейін ( «Ағайындылардың қайда екенін шекарашылар біледі» және «Ағайынды Рысқалиевтар шекарадан өтпеген» жарияланымдарын қараңыз) түсінік алу үшін Бас прокурор А. ДАУЫЛБАЕВ пен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы Р. ТҮСІПБЕКОВКЕ Әкім мен депутат із-түзсіз жоғалмайды» жарияланымын қараңыз) хат жолдаған болатынбыз.

Жауап хатында ЭҚжСЖҚКА-нің баспасөз хатшысы М. ЖҰМАНБАЙ: «Үстіміздегі жылдың 27 қыркүйегінде Қаржы полициясы агенттігінің тергеу-жедел тобы «AB-Group» ЖШС салған Атырау қаласындағы тұрғын үйдің 9 пәтеріне жеке меншік құқығын алаяқтық жолмен иемденіп, соның нәтижесінде аталмыш құрылыс компаниясына 200 млн теңге сомасында зиян келтіру фактісі бойынша Аманжан Рысқалиға қатысты қылмыстық іс қозғады. 1 қазанда Аманжан Рысқалиға сырттай айып тағылып, сот оны қамауға алуға санкция берді. Соңынан мемлекетаралық іздеу жарияланып, бүгінгі күні оның қай жерде екенін анықтау жөніндегі жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді» деген баршаға белгілі ақпаратпен ғана бөлісті.

ЭҚжСЖҚКА-дағы әріптестердің жауабы тез келді, алайда облыстың бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ тағдыры туралы, өздеріңіз көріп отырғандай, бірде-бір сөз айтылмаған. Бас прокуратура осындай қарапайым сырғытпа жауап беріп жатпады. Бірақ шын мәнісінде тікелей жауаптан жалтарып, біздің сауалымызды Атырау облысы прокурорының орынбасары С. ШАЛАБАЕВҚА жіберді. Әрі қарай оған бағынышты – Атырау облыстық прокуратура басқармасының бастығы А. ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ қысылтаяң жағдайдан шығып, жауап беру үшін біздің хатымызды... ЭҚжСЖҚКА тергеу тобының жетекшісі Т. ХАСАНОВҚА жолдады. Қаржы полициясының осыған қатысты сырғытпа жауап бергеніне қарамастан, біз онымен телефон арқылы хабарласқан едік. Алайда астаналық тергеушілер тобының басшысы бұрынғы облыс әкімінің қай жерде екендігі туралы сұраққа жауап беруден бас тартты. Осымен редакция сауалын аяқтауға да болар еді, бірақ «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін Бас прокуратура қызметкерлерінің қайсысы жаза тартады? Біз сауалымызға жауапты ақыры ала алмадық қой.

БОЛДЫ МА? БОССЫҢ!

Бүгінде атышулы қылмыстық істер бойынша ондаған шенеуніктер мен мердігер мекеме басшылары қамауға алынған. Біздің ақпаратымыз бойынша, олардың саны - 35, соның ішінде облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ пен Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар КЕРІМОВ, дәрежелері төмендеу басқа шенеуніктер де бар. Сондай-ақ, қаржы полициясы жүздеген жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысандарына, банк есеп-шоттары мен бәленбай миллион қолма-қол ақшалай қаржыларға тыйым салған.

Айтпақшы, миллиондар туралы айтып өтейік. Бейресми ақпарат бойынша, азаматтар З., Д., П. және танымал құрылыс фирмасына қатысы бар тағы екі адамның ақыры көңілдері жайланыпты. Оларды енді жауап алуға және әлдебір ұрлықтар туралы сұрақтармен қорқытпайтын болды. Олар қайтадан жұмыстарына кірісіп кетті, оған бюджеттен қаржыландырылатын нысандарында жүріп жатқан қызу жұмыстар дәлел бола алады. Осынау қуанышты жағдайға байланысты нені болса да, мәселен, оларды әрі қарай қылмыстық қудалаудан толықтай өкініш білдіргендіктен, тергеумен белсенді түрде бірлесе жұмыс істегендіктен, бастысы – мемлекетке барлық заңсыз иемденген ақшалай қаржы мен мүліктерді, соның ішінде бірнеше ғимараттарды, тұрба құбырларын, тіпті, бұрынғы «ОблТрансГаздың» құбырларын өз еріктерімен қайтарғандықтарын тоқтатылған-ау; егер оларды қамауға алып, фирма банкротқа ұшыраса, мемлекетке одан да көп зиян келеді, сонда ондаған нысандарды аяқтайтын ешкім болмай қалар еді деп ойлап, айта беруге болады. Алайда біздің дереккөзіміз олардың Астанадағы қажетті адамдарға 50 миллион долларды жинап бергенін растап отыр. Ақиқаты, әдеттегідей, осы екі ортада ма?

Басқа бір, танымалдылығы кем түспейтін құрылыс компаниясының басшысы азамат С. өте оңай құтылып кетті. Оған да тергеу ісінің сұрақтары бар болатын. Ол Орал арқылы елден кетіп қалды, сол жаққа алдын-ала отбасын жіберіпті. Қалуды өтініп, белгілі бір сомаға бүкіл проблеманы реттеймін деп уәде бергендердің беттеріне күле қарап қоштасқан екен.

Осы бейресми ақпарат көзі, негізінен, қызыл балық пен қара уылдырықтан дәулет жиған облыс әкімінің бұрынғы орынбасарларының бірін ...қала шетіндегі мемлекеттік резиденцияда бастығы мен оның депутат бауыры оны аяусыз ұрып-соққаннан кейін денсаулығының қатты нашарлап кетуіне байланысты қандай да болмасын қылмыстық қудалаудан жария етпей босатып жібергенін хабарлады. Бұрынғы шенеунік енді мүгедек арбасына таңылудың шақ алдында екен. Бас тыныштығы үшін өзінде ештеңе қалмаса да, Астанадағы сол қажетті адамдарға 100 миллион доллар беріп жіберіпті. Бәлкім, тағы да әсірелеген шығар?

ЖАЗА БАСТЫ. КЕШІРДІ

Шекаралық қызметтің ресми түрде бізге ағайынды Рысқалиевтар үстіміздегі жылдың 15 тамызынан бастап (әкімдердің ауысқан уақыты) шекараны кесіп өткен жоқ деп хабарлағаны белгілі. Бұл  тұрғыда шекарашылардың айтулары дұрыс, өйткені біздің дереккөздің куәлік етуінше, ағайындылардың тек шетелдік визалары ғана емес, бірнеше қазақстандық төлқұжаттары да болыпты. Олар бөгде есімдермен шекарадан жайбарақат өтіп кеткен. Мұхтар ӘБІЛЯЗОВТЫҢ туыстарына жалған төлқұжаттардың Атыраудан беріліп, солар арқылы олар Лондонға ұшып кеткенін еске түсірсек, бұған таң қалуға болмайды.

Егер олардың қамқоршылары деп есептелетін Аслан МУСИН содан кейін президент әкімшілігінің жетекшісі лауазымынан Есеп комитетінің төрағасы қызметіне орын ауыстырмағанда, ағайындылар мен олардың сыбайластарының қашу хикаясы соншалықты маңызды болмас еді. Бұл жаңа тағайындалу оның көптеген адамдарына, соның ішінде, бұрынғы әкім  туралы (өйткені ол да осы командадан) кез келген ақпаратты ептілікпен жасыратын құқық қорғау органдарындағы адамдарына өз тақтарында қалуға септігін тигізе кетті.

Мусинге қатысты жағдайда президенттің түрлі қауымдарға өзінің тежемелі және қарама-қарсы жүйесін қолданғаны түсінікті. Бірақ, бір жағынан, бұл бұрын болмаған жағдай, басқа қауымдар үшін: «тез арада облыс әкімдігіне өз адамдарымызды қою керек, ұрласын да бөліссін, әлдебір жағдай бола қалса, өтеуін беріп құтылады да, кетіп қалады» дегендей әрекетке көшудің әлдебір жаңа белгісі болды. Шамамен осындай тұжырымның болуы - өте қауіпті.

Алайда Ақорданың жиырма шақты адамның мүддесі үшін жүздеген мың атыраулықтардың сенімін тез жоғалтып жатқаны одан да қауіпті. 4 ай өтті: сіздердің бұрынғы әкімдеріңіз ұры және қазына ұрлаушы, денсаулығына байланысты емес, сол үшін лауазымынан босатылды, біз оны іздеп тауып, жазалаймыз деп, ашық түрде ақиқатын айтатын кез келді. Депутаттардың біріне іздеу жарияланғаннан «Ақ жол» партиясына да, парламентке де ештеңе болған жоқ емес пе?

«АЖ» редакциясы

13 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.