Атырау, 27 сәуір 11:29
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырау облысында шектеу шаралары күшейтіледі

2 181 просмотра

Атырауға келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ брифингте COVID-19 бойынша шиеленіскен жағдайға байланысты Атырау облысында енгізілетін шектеу шаралары туралы мәлімдеді.

Алматы - Атырау, Ақтөбе – Атырау, Маңғыстау - Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы тоқтатылады. Кафе, мейрамхана, қоғамдық тамақтану орындары, зат сататын дүкендер үйге жеткізу қызметі арқылы жұмыс істейді.  Көпшілік шараларын өткізуге, соның ішінде, отбасылық шараларға тыйым салынады. 

Энергетика министрлігі мен тиісті органдарға жергілікті жерлерде вахта жұмысшыларының жұмысқа түсер алдында 3 күн бұрын тұрғылықты жерінде ПТР тестіден өтуін қамтамасыз етуге тапсырма берілді. Яғни, енді вахта жұмысшылары Атырау облысында емес, өз өңірлерінде тестілеуден өтеді. Жұмыс берушілер осы тапсырманың орындалуына тікелей жауап береді.

Қаржы министрлігіне және жергілікті әкімдіктерге медицина қызметкерлеріне ТШО көліктерін ақысыз тарту мәселесін бірлесе әзірлеу тапсырылды.

Облыс әкімдігіне  дәріхана желілерін бөлшек саудада дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін шешуге тапсырма берілді. 20 шілдеге дейін жұқпалы аурулар кереуетінің санын 350-ге дейін ұлғайту, сонымен қатар, мобильді топтарды 120-ға дейін көбейтуді тапсырды, ал олардың саны қазір – 60. COVID такси жұмысын жеке ұйымдастыру, провизорлық орындарды және үйден амбулаториялық ем алу үшін ұйымдастыру үшін жеке медициналық орталықтарды тарту, жұқпалы аурулар стационарларын оттегімен қамтамасыз ету тапсырылды. Барлығы 18 пункт бар.

Қалаға кіру-шығу үшін блок бөгеттер әзірге қойылмайды. Алайда, Е. Тоғжанов атап өткендей, егер екі аптада бұл шаралардан нәтиже болмаса, анағұрлым қатаң шаралар алынатын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ӨКҚ ұсынған сурет

11 шілде 2020, 02:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.