Атырау, 27 сәуір 10:51
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Дәрігер пневмонияның алғашқы симптомдарын атады

4 314 просмотра

"Астана медицина университеті" КЕАҚ отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Наталья Латыпова пневмонияның алғашқы симптомдарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медицина ғылымдарының докторы аурудың симптомдары бірден емес, шамамен 5-7-і күні респираторлық кезеңде пайда болатынын айтады.

"Алғашқы симптомдар жөтел, ентігу, ыңғайсыздық, тыныс алудың қиындауы және кеуде ауыруы болуы мүмкін. Төменгі тыныс алу жолдарының зақымдануының белгісі - бұл симптомдардың біртіндеп өршуін білдіреді", - деді Наталья Латыпова.

"Егер бұл симптомдар әрі қарай өршімесе және температура 7 күннен артық көтерілмесе, онда алаңдатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл антибиотиктерді қабылдауға немесе компьютерлік томографиядан өтуге себеп емес. Адам 2-3 күн бойы симптомдардың күшейіп жатқанын байқаса, онда бұл өкпенің қатты зақымдануының белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдайда зерттеу жүргізіп, емдеу әдісін өзгерту қажет", - деді Латыпова.

10 шілде 2020, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.